Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 169 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Алматы облысында Алматы облысы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоғамдық орындардың тазалығы мен тәртібін сақтау бағытындағы бақылау күшейтілді. Енді рейдтік шаралармен қатар, әлеуметтік желілерге де тұрақты мониторинг жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облыстық Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рахым Толокұлов мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.05.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның 239-ы қоғамдық орындарды ластауға қатысты болса, 9 878 дерек аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзумен байланысты болған. Құқық бұзушыларға жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Оның шамамен 6 миллион теңгесі өндірілген.

Ал «Таза Қазақстан» бағдарламасы іске қосылған 2024 жылдың сәуір айынан бері облыста қоғамдық орындарды ластау бойынша 4 866 құқық бұзушылық және абаттандыру талаптарын бұзудың 46 300 фактісі анықталған. Осы кезеңде салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 169 миллион теңгеден асқан.

Брифинг барысында Рахым Толокұлов бақылау жұмыстарының жаңа форматына тоқталды.

«Қазіргі таңда жұмыс тек рейдтер арқылы ғана жүргізілмейді. Біз әкімдікпен және қоғам белсенділерімен бірлесіп, әлеуметтік желілерге күн сайын мониторинг жүргіземіз. Заңсыз қоқыс төгу деректерін анықтап, жедел әрекет етудеміз. Жыл басынан бері интернет мониторингі арқылы 24 рұқсатсыз қоқыс үйіндісі анықталды. Жалпы бағдарлама басталғалы әлеуметтік желілер арқылы 82 заңсыз қоқыс төгу орны анықталып, оның 65-і жойылды. Анықталған барлық деректер бойынша материалдар тиісті шара қабылдау үшін Экология департаментіне жолданады», – деді ол.

Қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында өңірде полиция қызметкерлері, табиғатты қорғау органдары, еріктілер, қоғам белсенділері, бюджеттік ұйымдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен 30 мобильді топ құрылған. Рейдтік жұмыстарға жалпы 338 адам тартылған. Оның 313-і – полиция қызметкерлері.

Жыл басынан бері облыс аумағында 350 рейд ұйымдастырылған. Құзырлы органдар заңсыз қоқыс орындарын анықтау мен оларды жою жұмыстары алдағы уақытта да күшейтілген режимде жалғасатынын атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы су мәселесі шешіледі: қалада жаңа сүзгі станциясы мен ұңғымалар салынады

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы облысының экспорты жаңа белеске шықты: өңір өнімдері әлемнің 61 еліне жөнелтіледі

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Screenshot

Оба: қауіпті инфекциядан қалай сақтанамыз? Маман маңызды кеңес айтты

Қорлан Нұрланқызы
14.07.2026

Алкоголизмнің алдын алу – жарқын болашақтың кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

Жолдағы тәртіп – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
14.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz