Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Алматы облысының полициясы актриса әрі блогер Анель Амангалиеваның күйеуін сталкинг дерегі бойынша ұстады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Полиция мәліметінше, ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Іс материалдары сотқа жолданған.

Ведомство мәліметінше, бұған дейін өңірдің 29 жастағы тұрғыны танысына қатысты шара қолдану туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, ер адам оның еркінен тыс мессенджерлер мен мобильді қосымшалар арқылы үздіксіз қудалап, жүйелі түрде хабарламалар жіберіп, психологиялық қысым көрсеткен.

Анель Амангалиеваның сөзінше, 24 ақпанда күйеуіне қатысты алғашқы сот отырысы өткен. Сот оны сталкинг ісі бойынша кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамау жазасын тағайындаған. Сонымен қатар, ол жәбірленушілерге өтемақы қорына 5 АЕК төлеуге міндеттелген.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшаларында алматылық кәсіпкермен әлі ресми некеде екенін, алайда оның ажырасуға мүмкіндік бермей жүргенін айтқан. Оның сөзінше, некеден кейін қорлау мен қысым басталған.

Анель қарым-қатынасты толық үзуді шешкен соң, қудалау күшейе түскенін мәлімдеді. Айтуынша, ер адам интимдік фото мен видеолар арқылы бопсалап, жалған аккаунттар ашып, оның таныстары мен клиенттеріне жазған. Кейін бұл парақшаларды өшіріп, жаңаларын ашып отырған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz