Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

3 млн-нан астам қазақстандық баланы қосымша біліммен қамту жоспарланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің балаларды қосымша біліммен қамту жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

11.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

«Үкімет балаларды қосымша біліммен қамтуды кеңейту бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Осы жылдың соңына дейін 4-17 жас аралығындағы 3,6 млн баланы (балалардың 80%) секциялар мен үйірмелермен қамту жоспарланды. Мектеп үйірмелері мен мектептен тыс білім беру ұйымдарының қызметі шеңберінде спортпен және шығармашылықпен айналысуға 2,7 млн-ға жуық баланы (бүгінгі күні 2,4 млн бала) тарту көзделіп отыр», — деп жазды Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, бұл жұмысқа 70 мың педагог жұмылдырылған.

«Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 387 мың бала жаттығады. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында әрбір ауылда спорт нұсқаушылары лауазымы енгізілді. 2025 жылға қарай ауылдық жерлердегі нұсқаушылардың санын 3561-ге дейін жеткізу жоспарланды. Осылайша, спортпен айналысуға 500 мыңға жуық ауыл балаларын тарту көзделіп отыр», — деп түйіндеді Премьер-Министрдің орынбасары.

Тегтер: Ералы ТоғжановҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz