Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Көктем-2025» Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы басталды

Алматы облысында "Су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" тақырыбында "Көктем-2025 "Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының 1-ші кезеңі басталды деп хабарлайды Аlataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
10.02.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктемгі кезең жағдайындағы төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктемгі кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі.

2025 жылғы 6 ақпанда Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының аумағында өткізілген оқу-жаттығулар азаматтық қорғау жүйесі органдарының күштері мен құралдарын пайдалануды қамтыды. Барлық қызметтер ауылдың негізгі учаскелеріне бөлініп, онда су тасқынының алдын алу шараларын жүргізудің нақты қажеттілігі бары анық. Бұл учаскелерде Қотырбұлақ өзенін кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізілді.

Оқу-жаттығу барысында 60 текше метр қатты-тұрмыстық қалдықтар шығарылып,сондай-ақ Қотырбұлақ өзенін 1,5 шақырым ұзындықта кеңейту және тереңдету жұмыстарын жасады.

Оқу-жаттығуға облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтері, №28237 әскери бөлім, аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, жергілікті полиция қызметкерлері, сондай-ақ, ТЖ департаментінің аумақтық бөлімшелері қатысты.

Тегтер: Көктем-2025су тасқынына дайындық

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта газ қауіпсіздігі күшейтілді: 469 пәтер тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында тауда жарақат алған 18 жастағы турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысының таулы аймақтарында қар түсті

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz