Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Ауыл – ел бесігі»: Ауылдық аймақтар мен инфрақұрылым дамиды

Қорлан Нұрланқызы
13.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы мен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы ауылдық аймақтардың көркейіп, инженерлік инфрақұрылымның жақсаруына және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа инвестиция тартуға айтарлықтай ықпал етуде. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

116 жоба: 47 миллиард теңге игерілуде

Аталған бағдарламалар аясында 2023 жылы 47 миллиард теңгеге жалпы 116 жоба жүзеге асырылып жатыр. Негізгі бағыттар бойынша жобалар саны:

•   Сумен жабдықтау және су бұру – 57 жоба,

•   Газбен жабдықтау – 25 жоба,

•   Электрмен жабдықтау – 25 жоба,

•   Жылумен жабдықтау – 8 жоба,

•   Абаттандыру – 1 жоба.

Облыстағы газдандыру деңгейі қазіргі уақытта 51,4%. Қазірдің өзінде 146 елді мекен газбен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін қосымша 8 ауыл газдандырылып, көгілдір отынға 1,2 миллион адамнемесе облыс халқының 78%-ы қол жеткізетін болады.

373 елді мекеннің 348-і (93,3%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіш республика бойынша үздік нәтижелердің бірі саналады.

Сонымен қатар, қалалар мен ірі елді мекендерде орталықтандырылған су бұру және кәріз тазарту құрылыстарын салу жұмыстары жалғасуда. Мысалы, Қонаев қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жалпы құны 20,5 миллиард теңгеге тәулігіне 30 мың м³ өнімділікке ие кәріз тазарту құрылыстарының құрылысы қолға алынды.

Аталған жоба Қонаев қаласын заманауи су бұру жүйесімен қамтамасыз етіп, санитарлық және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

 «Ауыл – Ел бесігі» мен Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы ауылдық және қалалық аймақтардың дамуына серпін беріп, халықтың өмір сапасын арттыруды мақсат етеді. Бұл бастамалар еліміздің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға маңызды үлес қосуда.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысы өтті

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Боралдайда құрылысқа қажетті металл құбырлар шығарылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Қараойда жаңа өрт сөндіру бекеті салынып жатыр: ауыл қауіпсіздігі қалай күшейеді?

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Алматы облысында 61 саяжай кооперативі ауыл шекарасына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Байсеркеде газдандыру мен жаңа аллея салу мәселесі көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz