Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Жетігенде тәулігіне 250 адам қабылдайтын емхана салынады

Алатау қаласының Жетіген шағынауданында бір мезетте 250 адамды қабылдауға арналған жаңа емхана салу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Аркен Өтенов брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Акжаркын
04.11.2026
Алматы облысы, Жаңалықтар

Оның айтуынша, бұл жоба медициналық инфрақұрылымды дамыту және тұрғындар үшін алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі болмақ.

Тағы бір медициналық нысан Жаңаарна шағынауданында ашылды. Биыл мұнда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта нысан пайдалануға берілген.

Сонымен қатар Жаңадәуір шағынауданында бір ауысымда 50 адамды қабылдауға арналған дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр.

Жетіген шағынауданындағы емхана мен Жаңадәуірдегі амбулаторияны қамтитын екі жаңа нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп қойған. Құрылыс жұмыстары қажетті қаржы бөлінгеннен кейін басталады.

Жаңа медициналық мекемелер алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтіп, Алатау қаласы тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

2035 жылға дейін Қазақстанда алғашқы екі АЭС құрылысы аяқталады

Акжаркын
04.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz