«Алғашқы “Балқаш” атом электр станциясы ресейлік “Росатом” консорциумымен бірлесіп жүзеге асырылады. Ал екінші “Мойынқұм” АЭС жобасы бойынша қазіргі уақытта Қытайдың Ұлттық атом компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Қазір жобаның негізгі параметрлері, оның ішінде келісімшарт талаптары мен іске асыру мерзімдері талқыланып жатыр. Дегенмен, біз екі жобаның да 2035 жылға дейін аяқталатынына сенеміз», – деді Ерлан Ақкенженов сәрсенбі күні Үкіметтегі брифингте.
Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Балқаш көлінің маңында алғашқы АЭС құрылысын 2027 жылы бастауды тапсырған болатын. Ал екінші атом электр станциясын салу жөніндегі үкіметаралық келісімге 2027 жылдың соңына дейін қол қою жоспарланған.





