Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Желіде тараған ЭЦҚ туралы ақпаратқа министрлік түсініктеме берді

Желіде 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап дәрігерлер науқастарды қабылдағанын электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы міндетті түрде растауы тиіс деген ақпарат тарады. Бұл мәліметке Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.02.2026
Жаңалықтар

Instagram және Threads платформаларында 1 ақпаннан бастап дәрігерлердің ЭЦҚ қолдануы міндеттелетіні жөнінде жазбалар жарияланды. Кейбір медицина қызметкерлері енді қабылдауға жазбаны, ауру тарихын және жазылған рецепттерді ЭЦҚ арқылы растау қажет болатынын айтып отыр.

Пікір білдірушілердің арасында жұмыс жүктемесінің онсыз да көп екенін, ал күнделікті қызметте ЭЦҚ-ның аса қажеттілігі жоқ екенін алға тартқандар да бар.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл талаптың жаңа енгізілім емес екенін мәлімдеді. Ведомствоның түсіндіруінше, электрон медициналық құжаттамада ЭЦҚ қолдану нормасы 2021 жылдан бері нормативтік-құқықтық актілерде бекітілген.

Министрліктің дерегінше, ЭЦҚ қолдану медициналық қызметтің нақты көрсетілгенін растауға бағытталған және ол дәрігер мен науқастың құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

«ЭЦҚ медициналық жазбалардың ашықтығын қамтамасыз етіп, “қосып жазу” (приписка) және жалған дерек енгізу тәуекелдерін азайтады», – делінген хабарламада.

Ведомство қазіргі таңда ЭЦҚ арқылы растау алгоритмі дәрігерлер үшін қолайсыз екенін де мойындады. Себебі әр көрсетілген қызметтен кейін қол қоюды талап ету жұмыс процесін қиындатуы мүмкін.

Осыған байланысты жүйені оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрлік әкімшілік жүктемені азайту үшін ЭЦҚ-ны «бір рет басып растау» қағидатымен енгізу бойынша техникалық шешімдер әзірленіп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, ЭЦҚ жүйесін енгізу бірден жаппай жүзеге аспайтыны айтылды. Министрлік 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап барлық медициналық жазбаларды міндетті түрде ЭЦҚ-мен қол қою толық қамтамасыз етілмейтінін атап өтті.

Бұл тәсіл медицинада цифрлық құралдардың қауіпсіз әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндіріледі.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz