Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жасанды интеллект саласына вице-министр тағайындалды

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Жаңа вице-министр цифрландыру, электронды өнеркәсіп және жасанды интеллект салаларында еңбек еткен тәжірибелі мамандардың бірі саналады. Ол бұған дейін мемлекеттік органдарда түрлі басшылық қызметтерді атқарған.

Ғиззат Байтұрсынов 1994 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Малайзиядағы Asia Pacific University of Technology & Innovation университетін және Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы тәмамдаған.

Еңбек жолын бағдарламашы ретінде бастаған ол 2010–2019 жылдар аралығында жеке секторда және халықаралық бағыттағы жобаларда жұмыс істеді. Әр жылдары «Ел-Қонды» ЖШС-ның Малайзиядағы өкілі, техникалық жабдықтау бөлімінің басшысы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.

2019 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, сол кездегі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылымында жұмысын бастады. Алғашында Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінде сарапшы, кейін бас сарапшы және басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

2022–2024 жылдары аталған министрліктің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінде директордың орынбасары және директор қызметтерінде болды.

Ал 2024–2026 жылдары Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетін басқарды. Осы кезеңде еліміздегі жасанды интеллект экожүйесін дамытуға, цифрлық шешімдерді енгізуге және инновациялық жобаларды қолдауға бағытталған жұмыстарға жетекшілік етті.

2026 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жанындағы Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Енді жаңа лауазымында Ғиззат Байтұрсынов еліміздегі жасанды интеллект технологияларын дамыту, цифрлық трансформацияны жеделдету және инновациялық саясатты іске асыру бағытындағы жұмыстарға жауапты болады.

Тегтер: Жаңа Қазақстанминистрліктағайындау

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz