Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жантілек Нұртілепұлы «Qazaqstan Barysy-2026» турнирінде жеңімпаз атанды

Маңғыстау облысының намысын қорғаған Жантілек Нұртілепұлы («Лабақ батыр») қазақ күресінен елдің басты додаларының бірі – «Qazaqstan Barysy – 2026» турнирінде топ жарды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.08.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Жартылай финалда маңғыстаулық балуан Қостанай облысының өкілі, Қазақстан Республикасының спорт шебері Алмас Жұмағалимен («Өтей») белдесті. Жантілек Нұртілепұлы қарсыласын жеңіп, финалға жолдама алды.

Шешуші бәсекеде ол Жамбыл облысының өкілі, қазақ күресінен тәжірибелі балуан Ғалымжан Қырықбаймен («Барыс») кездесті. Бұған дейін «Қазақстан Барысы-2023» турнирінде топ жарған тәжірибелі спортшымен өткен тартысты белдесуде Жантілек Нұртілепұлы жеңіске жетіп, мансабындағы алғашқы Qazaqstan Barysy алтын белбеуін жеңіп алды.

Жантілек Нұртілепұлы
Фото: Qazaqstan Barysy-2026

Айта кетейік, Жантілек Нұртілепұлы — биылғы турнирдің ең жас қатысушыларының бірі. Дебюттік жарысында қарсыластарының бәрінен басым түсіп, бас жүлдені иеленуі оның қазақ күресіндегі әлеуетін көрсетті.

Ал үшінші орын үшін өткен белдесуде Шымкент қаласының өкілі, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионы Нұрсұлтан Қожагелдіұлы («Батыр») Қостанай облысының балуаны Алмас Жұмағалиден басым түсіп, қола жүлдеге ие болды.

«Qazaqstan Barysy-2026» жеңімпазына алтын белбеумен бірге 15 миллион теңге ақшалай сыйлық табысталды. Күміс жүлдегер күміс белбеу мен 3,5 миллион теңге, ал қола жүлдегер қола белбеу және 1,5 миллион теңге алды.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz