Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасы қаралды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Президент әкімшілігі, Ұлттық банк және Бас прокуратура басшыларының қатысуымен экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

25.01.2023
Жаңалықтар

Қатысушылар президент алға қойған міндеттерге сәйкес әзірленген елден заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады. Онда активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен шарттарды жою, оларды ерікті түрде қайтаруды ынталандыру немесе мәжбүрлі түрде қайтару бастамасын көтеру және тағы басқа нормалар қарастырылған.

«Уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін талдау нәтижесі бойынша активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарланып отыр. Активтердің иесі олардың шығу тегін растай алмаса, негізсіз сатып алынған деп танылады және мемлекет кірісіне айналады», — деді Әлихан Смайылов.

Келіп түсетін активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру үшін пайдалану көзделген.

Үкімет басшысы Әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескеріп, заң жобасын мұқият пысықтап жалғастыруды тапсырды.

Тегтер: Әлихан Смайыловзаңсыз активтерҮкімет отырысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақ киносының Құлагері: Абдолла Қарсақбаевтың ғасыр тойы басталды

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026

Министрлік мәлімдеді: биыл ҰБТ-ны 240 мыңға жуық түлек тапсырады

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026

Алматы облысында кене шаққандар саны өсті

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026

Алматы облысында 43 бас ірі қара ұрлаған күдіктілер ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026

Алматы облысында туған әкесін соққыға жығып өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
28.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz