Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Алматы облысында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шаралар «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып, жасөспірімдер мен жастар арасында заңға құрмет пен жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, заңды құрметтейтін, өз денсаулығын бағалайтын және болашағына жауапкершілікпен қарайтын жастар – елдің тұрақты дамуы мен жарқын келешегінің кепілі.

Мамандар бүгінде нашақорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті емес екенін атап өтеді. Бұл мәселеде ата-аналардың, педагогтердің, спорт ұйымдарының және бүкіл қоғамның рөлі ерекше.

«Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды спортқа, шығармашылыққа және қоғамдық белсенділікке тарту – зиянды әдеттердің алдын алудың ең тиімді жолдарының бір», – дейді сала мамандары.

Алматы облысында өткізілетін профилактикалық іс-шаралар аясында жастармен кездесулер, түсіндіру жұмыстары, спорттық жарыстар мен мәдени шаралар ұйымдастырылып келеді. Мұндай бастамалар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырып, құқықтық сауаттылықты арттыруға мүмкіндік береді.

«Өмірді таңда! Денсаулықты таңда!» қағидаты бүгінде жастар арасында кеңінен насихатталып келеді. Себебі қауіпсіз әрі дамыған қоғам құру әр азаматтың жауапкершілігінен басталады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алкогольдің адам өміріне әсері

Диана Ахметова
13.08.2026

Қонаевта Абай рухына тағзым етілді

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Шеңгелдіде картоп алқабы үш есе ұлғайды

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Қонаевта «Мектепке жол» акциясы аясында 1 400-ден астам балаға көмек көрсетілді

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Қонаевта лайға батып қалған автобустан 27 жолаушы құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz