Мәліметке сәйкес, Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының кезекті жиынын Қазақстан қабылдайды. Конгресс аясында УЕФА-ға мүше 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері бас қосып, ұйымның қызметіне қатысты стратегиялық шешімдер қабылдайды. Астанада өтетін жиын барысында УЕФА президенті сайланып, Атқарушы комитеттің жаңа құрамына дауыс беру жоспарланған.
Айта кетейік, УЕФА-ның 50-конгресі 12 ақпанда Брюссельде өтті. Онда ұйымның алдағы кезеңдегі даму бағыттарына қатысты бірқатар шешімдер бекітілген болатын.
2027 жылғы конгресс Қазақстанда бұрын-соңды өткізілген ең ірі халықаралық футбол іс-шараларының бірі болмақ. Ұйымдастыру және өткізу шығындарын УЕФА толықтай өз мойнына алады.
Қазақстан УЕФА құрамына 2002 жылғы 25 сәуірде қабылданған. Осы шешімнен кейін ұлттық құрама Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдеріне қатысуға мүмкіндік алып, қазақстандық клубтар Чемпиондар лигасы мен өзге де еурокубоктық турнирлерде өнер көрсету құқығына ие болды.




