Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Трамп Иранға 15 тармақтан тұратын бейбіт келісім жобасын ұсынды

АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы қарулы қақтығысты тоқтату мақсатында Иранға 15 тармақтан тұратын ауқымды келісім жобасын жолдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2026
Әлем, Жаңалықтар, Саясат

Ақ үй әкімшілігінің мәліметінше, құжат Тегеранға Пәкістан арқылы жеткізілген. Вашингтон ирандық тарапқа келісім шарттарын талқылау үшін бір ай мерзімге уақытша оқ атпау режимін енгізуді ұсынған.

Жоспардың негізгі талаптарының бірі – Иранның ядролық әлеуетін толық жою және болашақта мұндай қаруды жасауға талпынбау міндеттемесін алу. Сондай-ақ Натанз, Исфахан және Фордо қалаларындағы ядролық нысандарды істен шығарып, толық бөлшектеу қарастырылған.

Бұдан бөлек, құжатта ел ішінде уран байытуды тоқтату және 60 пайызға дейін байытылған уран қорын Халықаралық атом энергиясы агенттігіне (МАГАТЭ) тапсыру талап етіледі. Сонымен қатар Ормуз бұғазы арқылы кемелердің еркін өтуін қамтамасыз ету мәселесі де қамтылған.

Егер Тегеран ұсынылған талаптарды қабылдаса, АҚШ Иранға қарсы енгізілген халықаралық санкцияларды толық алып тастауға дайын екенін білдірді. Бұған қоса, Вашингтон Иранға Бушер атом электр станциясы секілді нысандарда бейбіт ядролық энергетиканы дамытуға қолдау көрсетуі мүмкін.

«Біз қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз. Олар келісімге келгісі келеді деп ойлаймын», – деді Дональд Трамп.

Айта кетейік, ұсынылып отырған келісім Таяу Шығыстағы шиеленісті төмендетуге бағытталған маңызды дипломатиялық қадамдардың бірі ретінде бағаланып отыр.

Тегтер: АҚШӘлем жаңалықтарыБасты жаңалықтарИран

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2026

Астана аспанында әскери ұшақтар шеруі өтеді: 10 мамырдан жаттығу басталады

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2026

11 мамыр күні ауа райы қандай болады?

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2026

Аида Балаева Аналар күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2026

Алматы облысында екі мектеп оқушысы суға батып кетті

Қорлан Нұрланқызы
10.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz