Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұлттық домбыра күні Алматы облысында кең көлемде аталып өтті

Алматы облысында Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан күй өнері мен ұлттық музыкалық мұрасы кеңінен насихатталды. Қонаев қаласында өткен рухани кешке зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысып, домбыраның ұлттық болмыстағы орны мен тарихи маңызы дәріптелді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бердібек Соқпақбаев атындағы саябақта өткен салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

Өңір басшысы бұл мереке 2018 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілгеннен бері ұлттық мәдениетті ұлықтайтын маңызды рухани мерекеге айналғанын атап өтті.

Әкім өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық домбыра күніне қатысты айтқан пікіріне тоқталып, домбыраның ұлттың тарихи жадын, дүниетанымы мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін ерекше құндылық екенін айтты.

«Домбыра – қазақтың жаны, тарихы мен болмысын бойына жинаған қасиетті мұра. Оның қос ішегінен төгілген күй халқымыздың сан ғасырлық шежіресін, қуанышы мен мұңын, рухы мен дүниетанымын бүгінгі күнге жеткізіп келеді», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Облыс әкімі 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияда тарихи және мәдени мұраны сақтау азаматтардың маңызды міндеті ретінде бекітілгеніне ерекше назар аударды.

Оның айтуынша, Ата Заңда ұлттық мәдени құндылықтарды қорғауға қатысты нормалардың нақты көрініс табуы қазақтың рухани мұрасын сақтауға бағытталған мемлекеттік саясаттың сабақтастығын көрсетеді.

Сондай-ақ өткен жылы ЮНЕСКО көлемінде кеңінен аталып өткен көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы қазақтың күй өнерінің халықаралық деңгейдегі мәртебесін арттырған маңызды оқиға болғаны атап өтілді.

Өңірде күй өнерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы облысында дәстүрлі өнерді дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.

Бүгінде өңірдегі домбыра үйірмелері мен шығармашылық ұжымдар жас таланттарды тәрбиелеуге белсенді атсалысып келеді. Биыл облыс өнерпаздары Қытай, Марокко, Франция және түркі мемлекеттерінде өткен халықаралық мәдени іс-шараларда қазақтың ұлттық музыкасын таныстырып, ел мерейін үстем етті.

Бұл халықаралық тәжірибе жас күйшілердің кәсіби дамуына серпін беріп, өңірдегі дәстүрлі өнер мектебінің дамуына жаңа мүмкіндік ашып отыр.

Мерекелік кеште Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, белгілі күйші-композитор Секен Тұрысбек ұлттық аспаптың кейінгі буын арасында кеңінен насихатталып келе жатқанын қуанышпен атап өтті.

Оның айтуынша, Ұлттық домбыра күні ресми мереке ретінде белгіленгелі бері домбыра үйренуге қызығатын жастардың қатары көбейген.

«Домбыраның қасиетін тек мереке күндері ғана емес, күнделікті өмірде де ұлықтауымыз қажет. Ұлттық аспап төрден түспесе, кейінгі ұрпақ та оның қадірін терең сезінеді», – деді белгілі күйші.

Мерекелік концертте Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина, «Алатау серілері» тобы, «Ақ жауын» камералық оркестрі және Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының өнерпаздары өнер көрсетті.

Олар халық күйлері мен ұлттық музыканың үздік туындыларын орындап, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.

Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік шара қазақтың күй өнерін ұлықтап қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен ұлттық рухты сіңіру жолындағы маңызды мәдени оқиғаға айналды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер ескертті: Қазақстанда 41 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қорлан Нұрланқызы
06.07.2026

Көлсай көлінде 16 жастағы қызды жылан шағып, ауруханаға жеткізілді

Қорлан Нұрланқызы
06.07.2026

Қапшағайда OCEANMAN QAZAQSTAN – 2026 халықаралық фестивалі аяқталды

Қорлан Нұрланқызы
06.07.2026

Президент қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
06.07.2026

Ұлттық домбыра күні Алматы облысында кең көлемде аталып өтті

Қорлан Нұрланқызы
05.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz