Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық банк «Altyn Orda» коллекциялық монетасын шығарады

Қазақстан Ұлттық банкі «Ұлы оқиғалар мен адамдар» сериясы аясында «Altyn Orda» коллекциялық монетасын айналымға шығарады, деп хабарлайды alataunews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық банкі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Ұлттық банк мәліметінше, Алтын Орда XIII–XV ғасырларда Еуразиядағы ең ірі мемлекеттердің бірі болған. Ол өңірдің саяси, экономикалық және мәдени дамуына айтарлықтай ықпал еткен.

Алтын Орда Шығыс пен Батыс арасындағы тұрақты сауда байланысын қамтамасыз етіп, Ұлы Жібек жолы бойындағы халықаралық сауданың дамуына әсер етті. Сонымен қатар көпұлтты әрі көпконфессиялы кеңістіктің қалыптасуына да маңызды үлес қосқан.

Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, Алтын Орданың тарихи мұрасы Ұлы Дала өркениетінің сабақтастығын көрсетіп, қазіргі Қазақстан аумағындағы мемлекетшілдік пен мәдени бірегейліктің қалыптасуында ерекше орын алады.

Сол кезең қалалық мәдениеттің, қолөнердің, ақша айналымының және дипломатиялық қатынастардың дамуымен ерекшеленген.

«Коллекциялық монетаның шығарылуы тарихи жадыны сақтауға, мәдени мұраны дәріптеуге және мемлекеттіліктің қалыптасуындағы маңызды кезеңдерді көрсетуге бағытталған», – делінген хабарламада.

«Altyn Orda» монетасы алтын жалатылған 925 сынамалы күмістен жасалған. Оның салмағы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм. Дайындалу сапасы – proof, номиналы – 2000 теңге.

Жалпы таралымы мың дана болады.

Монета Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Ұлттық банк мәліметінше, монета Қазақстан аумағында барлық төлем түрлері бойынша атаулы құнына сәйкес қабылдануға міндетті. Сонымен қатар оны банктік шоттарға аударуға, айырбастауға және барлық банктерде ұсақтауға болады.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
30.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
30.09.2026

Іле ауданының әкімі тұрғындардың баспана және инфрақұрылым мәселелерін тыңдады

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz