Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұйғыр ауданында «ӨРІК FEST – 2026» фестивалі өтеді

17 маусым күні Алматы облысы Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылында екінші рет «ӨРІК FEST – 2026» фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ауқымды шара өңірдің аграрлық әлеуетін танытуға, өрік шаруашылығын дамытуға және агротуризмді ілгерілетуге бағытталған.

Бүгінде Ұйғыр ауданы Қазақстандағы өрік өсіру бойынша жетекші өңірлердің бірі саналады. Аудандағы өрік бақтарының жалпы көлемі 3193 гектарды құрайды. Оның ішінде өнім беретін алқаптардың аумағы 2145 гектарға жетеді. Өткен жылы аудан бағбандары 19 мың тоннадан астам өрік жинап, жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Фестиваль аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, қолөнер шеберлерінің көрмесі, концерттік бағдарламалар мен түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Шараның маңызды бөлігінің бірі – ғылыми-практикалық конференция. Онда ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ғалымдар мен кәсіпкерлер бас қосып, өрік шаруашылығын дамыту, заманауи технологияларды енгізу және өнім экспортын ұлғайту мәселелерін талқылайды.

Ұйғыр ауданында өрік өсірумен қатар жеміс-жидек шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Жалпы жеміс-жидек дақылдары егілген алқап көлемі 542 гектарды құрайды. Ірі бақ шаруашылықтарының қатарында «Шонжы Агро», «Eco Park Garden» және басқа да кәсіпорындар бар.

Мамандардың айтуынша, қолайлы климаттық жағдай мен суармалы жерлердің болуы ауданның бау-бақша шаруашылығын дамытуға зор мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде өңірде өндірілетін өнім көлемі жыл сайын артып келеді.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, «ӨРІК FEST – 2026» фестивалі жергілікті өнім өндірушілерді қолдауға, жаңа инвестициялар тартуға және өңірдің туристік әлеуетін танытуға мүмкіндік береді.

«ӨРІК FEST» бүгінде тек ауыл шаруашылығы мерекесі ғана емес, Ұйғыр ауданының брендіне айналып келеді. Фестиваль ауданның табиғи және экономикалық мүмкіндіктерін кеңінен таныстырып, оны еліміздің өрік өсіру орталығы ретінде насихаттауға ықпал етеді.

Шараға ауыл шаруашылығы саласының өкілдері, кәсіпкерлер, инвесторлар, туристер және өңір тұрғындары қатысады деп күтілуде.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Ұйғыр ауданында «ӨРІК FEST – 2026» фестивалі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

2026 жылғы әлем чемпионаты салтанатты түрде ашылды

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Қазақстанда антитеррорлық операциялар тәртібіне өзгеріс енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Қазақстанда 15 мыңнан астам адамға рақымшылық жасалады

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Алматы облысы мен Таиланд арасындағы әріптестік жаңа деңгейге көтеріледі

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz