Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Алматы облысында үш күнге созылған «Тазалық күндері» акциясына 39 мыңға жуық өңір тұрғыны қатысып, туристік бағыттардағы демалыс орындарынан 760 тоннадан астам қоқыс жинады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бүгін өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев Қаскелең шатқалында өткен сенбілік барысында үш күн бойы тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Қорытынды шарада акцияға ерекше үлес қосқан азаматтар мен ұйымдар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Атап айтқанда, Жамбыл ауданының тумасы Асылым Көшербай «Ең белсенді жас қатысушы», Алатау қаласының тұрғыны Риза Сауырбаева «Ең белсенді егде жастағы қатысушы», Қарасай ауданындағы «GOGO CENTRAL ASIA» бірлестігінің директоры Александр Орланов «Ең белсенді эковолонтер» атанды. Балқаш ауданының тұрғыны Бақытжан Хамзин «Ең таза аула» номинациясын иеленді.

Сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданындағы Ават ауылы «Ең белсенді ауыл», Райымбек ауданы Қайнар ауылындағы Райымбек батыр көшесі «Ең таза көше», Ұйғыр ауданындағы «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Ең белсенді ұжым» болып танылды. Іле ауданы «Ең белсенді аудан» атанса, Қонаев қаласындағы «Көшпенділер қалашығы» «Ең таза туристік нысан», ал Кеген ауданындағы «MERGEN HOLDING» ЖШС «Ең белсенді бизнес өкілі» ретінде марапатқа ие болды.

Облыс әкімі аспан мен жер астасқан, қарағайлы алқапқа оранған Қаскелең шатқалы – өңір тұрғындары мен қонақтары жиі келетін көрікті мекендердің бірі, осындай табиғи аймақтардың тазалығын сақтау – бүгінгі акцияның басты мақсаттарының бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тек сенбілікке шығу емес. Бұл – адам жан дүниесінің, ақыл-ойының да тазаруы. Мұндай шаралар күнделікті өмірімізге еніп, әдетімізге айналуы керек. Осыған орай үш күндік демалыста “Тазалық күндерін” жариялаған едік. Әсіресе туристік нысандардың тазалығы басты назарда болды. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырамыз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сенбіліктер өңірдің туристік әлеуеті жоғары аймақтарын қамтыды. Атап айтқанда, Көлсай және Қайыңды көлдері, Шарын шатқалы, Түрген шатқалы, Есік көлі, Қапшағай су қоймасы, Балқаш көлінің жағалауы, Күрті аумағы, Қаскелең шатқалы және өзге де танымал бағыттарда санитарлық тазарту, қоқыс шығару, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Мәселен, Қарасай ауданында 140 тонна, Кеген ауданында 113 тонна, Ұйғыр ауданында 28 тоннаға жуық, Іле ауданында 82 тонна, Алатау қаласында 71 тонна, Еңбекшіқазақ ауданында 173 тонна, Балқаш ауданында 21,5 тонна, Райымбек ауданында 20 тонна, Қонаев қаласында шамамен 22 тонна, Талғар ауданында 58 тонна, Жамбыл ауданында 36 тонна қоқыс шығарылды.
Акцияға жүздеген арнайы техника жұмылдырылды, нәтижесінде туристік бағыттар мен елді мекендерде санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары кешенді түрде жүргізілді. Сондай-ақ, 13 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды.

Айта кетейік, «Тазалық күндері» акциясы өңірдің экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға және туристік аймақтардың тартымдылығын сақтауға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Іле ауданында 1 мамыр кең көлемде аталып өтті: футбол маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz