Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үлкен ауылының жанында АЭС салынады

Алматы облысының Үлкен ауылының маңында атом электр стансасы салынбақ. Оны Энергетика министрі Болат Ақшолақов шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында мәлімдеді.

10.06.2022
Жаңалықтар

Оның айтуынша, биыл құрылыстың қыр-сырын зеттеу жұмыстары жүргізіліп, одан кейін нақты жұмыс жоспары белгілі болады. Сонымен қатар, келесі жылы керек технологияларды анықтап, есептеулер жүргізіледі.

Министр құрылыс аймағының геологиялық параметрлері, су ресурстары, климаттық жағдайы, ұлттық электр желілеріне дейінгі қашықтығынан таңдалғанын түсіндірді.

«Құрылыс барысында әртүрлі технологиялар, атап айтқанда, әлемдегі ең үздіктердің қатарына кіретін француз және ресейлік реакторлар зерттеледі», — дейді Б.Ақшолақов

Энергетика министрлігінің басшысы жобаның нақты сметасын нақтылаған жоқ.

«Бұл әлі белгісіз. Алдымен технологияны таңдау керек. Біз әлі де реактордың өзі туралы айтып отырмыз — бұл стансының жүрегі. Оған турбиналар керек, жүйелік, автоматтандыру болуы керек. Стансының жұмыс істеуі үшін неше түрлі құрылғыларды орнату керек», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атом электр стансысы қайда салынатыны бойынша шешім шығарғанын және ықтимал жеткізушілердің технологияларын зерттеп жатқанын айтқан еді.

Айжан ОРАЛБЕКОВА

Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

Президент БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Диана Ахметова
25.06.2026

ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨМІРДІ САҚТАУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Диана Ахметова
25.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz