Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев жаңа Конституция жобасы туралы пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның жобасы мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түскенін, яғни сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілгенін көрсететінін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.02.2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысының айтуынша, азаматтардан түскен ұсыныстарды жүйелеу және жан-жақты саралау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылған.

«Барлық ұсынысты жүйелеп, саралау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бұл — ауқымы жағынан да, кәсіби деңгейі тұрғысынан алып қарасақ та, еліміз үшін теңдесі жоқ комиссия. Осы жолы комиссия құрамында шетел мамандары жоқ», – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, былтыр қазан айынан бастап азаматтарға өз пікірін еркін білдіруге толық мүмкіндік берілді. Осы кезеңде eGov және eOtinish мемлекеттік цифрлық платформалары арқылы бірнеше мың ұсыныс келіп түскен.

«Комиссия барлық өтінішті мұқият қарап, қорытып, тиісті түзетулерді әзірледі. Конституциялық комиссияның жұмысы барынша ашық жүргізілді. Мұны атап өту маңызды. Себебі еліміздегі реформалар бұрын-соңды дәл осылай жан-жақты талқыланып, тікелей эфир арқылы жұртшылық назарына ұсынылған емес», — деді мемлекет басшысы.

Президент «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты аясында цифрлық платформалар кеңінен қолданылғанын атап өтті. Оның айтуынша, конституциялық реформаға байланысты азаматтармен байланыс арналары тиімді жұмыс істеп, шын мәнінде жалпыұлттық деңгейдегі талқылау өтті.

«Бұл — Әділетті Қазақстан құрылысының айқын көрінісі», — деді Тоқаев.

Сондай-ақ Президент Конституциялық комиссияның осы уақытқа дейін он отырысы өткенін еске салды.

«Комиссия мүшелері енгізілуі тиіс түзетулердің көптігін ескере отырып, ортақ шешімге келді. «Ата Заңға жекелеген өзгерістер енгізу жеткіліксіз, қазіргі жағдайда жаңа Конституция қабылдаған жөн» деген байлам жасалды. Соған сәйкес қаңтар айында жаңа Конституцияның алғашқы нұсқасы жарияланды. Бұл бастама қоғамның айрықша назарын аударды. Мен мұны өте оң үрдіс деп санаймын», — деді ол.

Мемлекет басшысы азаматтардың Конституция жобасының әртүрлі баптарын белсенді түрде талқылап жатқанын айтып, қоғамның саяси мәдениеті мен белсенділігі артып келе жатқанын атап өтті.

«Еліміз үшін “Әртүрлі көзқарас — біртұтас ұлт” және “плюрализмге — ашықпыз, экстремизмнен — қашықпыз” қағидаттары өте маңызды. Бұл қоғамдық диалогтің дамуына және еліміздің тұрақты алға басуына жол ашады. Қазірдің өзінде бір нәрсені сенімді түрде айтуға болады: жұртшылық назарына мүлде жаңа құжат ұсынылып отыр. Ол мемлекетіміздің сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді», — деп түйіндеді Президент.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан боксшылары анықталды

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2026

Иран АҚШ ұсынған келіссөздерден бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2026

Трамп Иранға 15 тармақтан тұратын бейбіт келісім жобасын ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2026

Қазақстан жанармай бағасы бойынша әлемдегі ең арзан елдердің қатарында

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2026

Қапшағай маңында батпаққа батқан көлік құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz