Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
22.11.2024
Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты азаматтық және әскери нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына, күштік құрылымдардың жетекшілеріне және барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты негізгі нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді,» – деп жазды Уәли.

Сонымен қатар, Парламент палаталарының төрағалары қабылданған іс-қимылдар туралы хабардар етілді.

Берік Уәлидің айтуынша, Президент еліміздегі жағдайды жеке бақылауында ұстап отыр.

«Қазақстан үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылық, тыныштық, заң мен тәртіптің үстемдігін сақтау. Бұған дейін Қазақстан қақтығысты келіссөздер арқылы тоқтатудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен,» – деп қосты баспасөз хатшысы.

Тегтер: Қазақстанмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz