Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғардағы қанды оқиға: күдіктілер 15 жылға сотталуы мүмкін

Алматы облысының Талғар ауданында 24 жастағы жігіттің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Марқұмның туыстары күдіктілердің бұған дейін де ауыл тұрғындарына түнгі уақытта тиісіп жүргенін айтады. Олардың сөзінше, сол түні күдіктілер Жанасыл Сәрсенбайды зираттан бастап қуып, кейін үйінің жанында інісінің көз алдында пышақтап кеткен.

Қаза тапқан жігіттің анасы Алмагүл Нұрғизат әлі күнге дейін болған жағдайға сене алмайтынын айтты.

«Ұлым жүгіріп келіп, “ағамды пышақтап кетті” деді. Мен сыртқа шықтым. Жанасыл тізерлеп отыр екен. Құшақтап алдым. Ауыр дем алып жатқанын естідім. Біз оны ауруханаға апардық. Бірақ кеш болып кеткенін айтты», – деді ол.

Оқиғаның куәгері болған марқұмның інісі қауіпсіздігі үшін жүзін көрсетуден бас тартқан.

Оның айтуынша, ағайындылар сол түні әкесінің зиратына барып, кейін үйге қайтып келе жатқан. Бір кезде жолдарын ішінде бірнеше жас отырған көлік бөгеген.

Туыстарының сөзінше, көлік жолдың ортасында есіктері ашық тұрған. Жанасыл жүргізушілерден жол беруді сұрағанымен, олар назар аудармаған. Кейін ол көлікті айналып өтпек болған.

«Біз оларды жоғары жылдамдықпен айналып өттік. Бірақ олар соңымыздан қуып, сигнал беріп отырды. Үйге дейін келдік. Олар да тоқтап, көліктен түсті. Қолдарында пышақ барын ойламадық. Біреуі үндеместен келіп, ағама екі рет пышақ сұқты. Кейін бәрі көлікке мініп, қашып кетті. Өздерін дұрыс ұстап тұрған жоқ еді. Мас болған», – деді марқұмның інісі.

Жанасыл Сәрсенбай өкпе тұсынан алған пышақ жарақатынан ауруханада көз жұмған. Оның артында бір жастағы екі қызы қалды.

Марқұмның туыстары күдіктілердің 19 және 20 жаста екенін айтты. Ауыл тұрғындарының сөзінше, жастардан көпшілік қорқып, жоламауға тырысқан.

Қазіргі уақытта үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша тергеліп жатыр.

Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Талғардағы қанды оқиға: күдіктілер 15 жылға сотталуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында 98 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

Талғар ауданында кісі өлтіру фактісі бойынша үш адам ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

«Мойнақ» ГЭС-інің құрылысына үлес қосқан инженер «Барыс» орденімен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

Қазақстанда пойыздар мен тасжолдарда спутниктік интернет пайда болады

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz