Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талғар мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы полицияға хабарлама түсті

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Талғар қаласындағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат пайда болды. Алматы облыстық полиция департаменті кезекші бөлімге мұндай хабарлама түскенін растады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

23.11.2022
Жаңалықтар

Оқиға орнынан видео Instagram-да жарияланды. Бейнежазбадан полиция қызметкерлерін, өрт сөндіру қызметінің арнайы көліктерін және мектеп айналасында жүрген адамдарды көруге болады.

«Талғардағы №3 орта мектептің оқушылары мен қызметкерлері эвакуацияланды. Ақпаратқа сәйкес, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оқу орнында орнатылған бомбаның бар-жоғы тексеріліп жатыр. 1421 адам қауіпсіз жерге көшірілді», — делінген бейнежазбада.

Бұл жайтқа қатысты облыстық білім басқармасы өкілдері пікір білдірді.

«Талғар ауданындағы №3 орта мектеп ғимаратына полиция бөлімінің кезекші бөліміне бомба қойылғаны туралы хабарлама түскендіктен мектеп эвакуацияланды. Қазіргі уақытта арнайы қызмет жұмыс істеп жатыр», — делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ Алматы облыстық полиция департаменті мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскенін растады.

«23 қараша сағат 14.45-те кезекші бөлімге Талғар қаласы №3 орта мектебіне қойылған бомба туралы ақпарат келіп түскенін хабарлайды. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері басқа уәкілетті органдармен бірлесіп 1000 оқушыны, 90 оқытушыны, 25 техникалық персоналды эвакуациялады. Қазіргі уақытта саперлер ғимаратта жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеру үшін арнайы операция жүргізіп жатыр», — дейді облыстық полиция департаменті.

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Алматы облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті: Киелі-Бұлақ тазартылды

Мөлдір Иманмади
23.03.2026

Іле ауданында Наурыз жаңа форматта аталып өтті

Мөлдір Иманмади
22.03.2026

Марат Сұлтанғазиев Талғар төріндегі Наурыз тойына қатысты

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

«Орталықтар жетіспейді»: облыс әкімі Талғардағы проблеманы көтерді

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz