Қазіргі уақытта «Зерде» холдингінің құрылымында үш еншілес ұйым бар:
- «Astana Hub» технопаркі;
- «Ұлттық ақпараттық технологиялар»;
- «Qazinnovations» акционерлік қоғамдары.
Бұл ретте еншілес ұйымдар өз қызметінің негізгі бағыттары бойынша тікелей Цифрлық даму министрлігімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Корпоративтік басқару холдингтік компанияда шоғырланған, ал негізгі бағыты бойынша еншілес ұйымдарға жетекшілік етуді уәкілетті орган тікелей жүзеге асыратын мұндай құрылым қажетсіз болып көрінеді.
2016-2021 жылдар кезеңінде холдингтің жинақталған шығыны 7 млрд теңгені құраған.
Сонымен қатар алдағы трансформация корпоративтік басқарудың холдингтік құрылымын таратуға қатысты екенін және «Зерде» холдингінің өндірістік персоналына әсер етпейтінін ерекше атап өтті.
«Бұл ретте «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» РМК-ға жұмысқа ауысқан «Зерде» холдингінің бұрынғы қызметкерлері тиесілі барлық төлемдерді толық көлемде алады. Бүгінгі таңда кадрлық әлеуетті сақтай отырып, мемлекеттік IT-секторын басқаруды реформалау негізгі басымдық болып табылады. Бұл министрліктің, «Зерде» холдингінің және еншілес ұйымдардың ортақ міндеті», — делінген министрліктің мәлімдемесінде.