Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шығын – 7 млрд теңге: Цифрлық даму министрлігі «Зерде» холдингін тарату туралы шешіміне ресми түсінік берді

Министрлік неліктен «Зерде» ақпараттық-коммуникациялық холдингін тарату туралы шешім қабылдағанын түсіндірді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

21.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Қазіргі уақытта «Зерде» холдингінің құрылымында үш еншілес ұйым бар:

  • «Astana Hub» технопаркі;
  • «Ұлттық ақпараттық технологиялар»;
  • «Qazinnovations» акционерлік қоғамдары.

Бұл ретте еншілес ұйымдар өз қызметінің негізгі бағыттары бойынша тікелей Цифрлық даму министрлігімен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Корпоративтік басқару холдингтік компанияда шоғырланған, ал негізгі бағыты бойынша еншілес ұйымдарға жетекшілік етуді уәкілетті орган тікелей жүзеге асыратын мұндай құрылым қажетсіз болып көрінеді.

2016-2021 жылдар кезеңінде холдингтің жинақталған шығыны 7 млрд теңгені құраған.

Сонымен қатар алдағы трансформация корпоративтік басқарудың холдингтік құрылымын таратуға қатысты екенін және «Зерде» холдингінің өндірістік персоналына әсер етпейтінін ерекше атап өтті.

«Бұл ретте «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» РМК-ға жұмысқа ауысқан «Зерде» холдингінің бұрынғы қызметкерлері тиесілі барлық төлемдерді толық көлемде алады. Бүгінгі таңда кадрлық әлеуетті сақтай отырып, мемлекеттік IT-секторын басқаруды реформалау негізгі басымдық болып табылады. Бұл министрліктің, «Зерде» холдингінің және еншілес ұйымдардың ортақ міндеті», — делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Тегтер: Зердехолдинг

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының полициясына 50 жаңа қызметтік көлік берілді

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

«Алмалы өнімдері»: Қонаевта азық-түлікті арзан бағамен сататын павильон ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алатауда 46 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген әйелдің құқығы қорғалды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғауға қатысты үш мәселе қаралды

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz