Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шетелде табылған 7 айлық бала Қазақстанға қайтарылды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2024
Жаңалықтар

7 айлық қазақстандық бала Ресей Федерациясынан елге оралды, деп хабарлайды alataunews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, бүлдіршін елге келген бойда балалар ауруханасына қаралып, медициналық тексеруден өтті. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. Медициналық шаралар аяқталған соң, ол «Балалар үйі» КММ-не жіберіледі. Балаға елге оралу процесінде әдіскер-қамқоршы мен анестезиолог-реаниматолог көмектесті.

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова: «Біз үшін әрбір баланың қажетті қолдау алуы маңызды. Әр азаматымызға қамқорлық көрсету және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз. Комитет кішкентай нәрестені елге қайтару үшін тиісті органдармен және мамандармен бірлесіп жұмыс атқарды. Ол үшін білікті мамандар барынша көмектесетін болады,» – деп атап өтті.

Ведомство балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етіп, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. «Біз қажет болған жағдайда балаларды Отанына қайтару үшін бар күшімізді саламыз және олардың кәсіби мамандардың қамқорлығында болуын қамтамасыз етеміз,» – делінген хабарламада.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Президент БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Диана Ахметова
25.06.2026

ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨМІРДІ САҚТАУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Диана Ахметова
25.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz