Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шеңгелдіде картоп алқабы үш есе ұлғайды

Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінде өсірілген элиталы сұрыпты картоп еліміздегі ірі өндіріс орындарының біріне жеткізіліп жатыр. Жергілікті шаруалардың өнімі PepsiCo компаниясының чипс өндірісіне шикізат ретінде жөнелтілуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Шеңгелді ауылдық округіне барып, картоп өсірумен айналысатын «БайтерекАгроСервис» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

Шаруашылық биыл жалпы 1 790 гектар жерді игерген. Оның 150 гектарына «Пикассо», «Аризона» және «Артемис» сұрыпты картоп егілген. Қазір алқапта өнім жинау жұмыстары жүріп жатыр. Шаруашылықтың мәліметінше, әр гектардан орта есеппен 25 тоннаға дейін өнім алынуда.

Жиналған картоп арнайы өңдеуге жіберіліп, кейін чипс өндірісінде шикізат ретінде пайдаланылады.

Серіктестіктің атқарушы директоры Қуаныш Додаевтың айтуынша, биыл шаруашылық «Кең дала» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алып, өндіріс үшін қажетті айналым қаражатымен қамтамасыз етілген.

«Осы қаржының арқасында жанар-жағармай, тұқым, тыңайтқыш және ауыл шаруашылығы қызметтеріне қажетті шығындарды уақытылы өтеуге мүмкіндік алдық. Алдағы уақытта элиталы картоп егілетін алқап көлемін 200 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», – деді Қуаныш Додаев.

Шеңгелдіде картоп алқаптарының көлемі де айтарлықтай артқан. Қонаев қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асқар Ибраимовтың мәліметінше, биыл ауылдық округ шаруалары жалпы 313 гектар жерге картоп еккен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп.

Ауыл шаруашылығында дақылдарды әртараптандыру жұмыстары да жүргізілуде. Былтыр пияз егілген алқаптардың бір бөлігіне биыл бақша, майлы, дәнді және бұршақ дақылдары орналастырылған. Соның нәтижесінде Шеңгелдіде 13 мың гектардан астам жер игерілді.

«Қазіргі таңда қауын-қарбыз, жоңышқа, ерте пісетін бидай мен арпаны жинау аяқталды. Алда пияз жинау және күзгі дала жұмыстары тұр», – деді Асқар Ибраимов.

Сонымен қатар биыл «Кең дала» бағдарламасы аясында Шеңгелді шаруалары ұсынған төрт өтінім мақұлданған.

Шаруашылық жұмысымен танысқан Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов ауыл шаруашылығын дамыту мен жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларын қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Шеңгелдіде картоп егістігінің ұлғаюы және жергілікті өнімнің ірі өндіріске жеткізілуі ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығын кеңейтуге және өңірдегі агробизнесті дамытуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz