Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шэньчжэньде Alatau City халықаралық роуд-шоуы өтті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация Шэньчжэнь қаласында (ҚХР) Alatau City-дің инвестициялық әлеуетін таныстырды. Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдарының, инвестициялық қорларының, қаржы институттарының, девелоперлік және технологиялық компанияларының өкілдері қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қатысушыларға Алатау қаласын дамытудың негізгі бағыттары, оның ішінде инвесторларға арналған жеңілдікті жағдайлар, инвестициялық жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу және арнайы құқықтық режимнің басқа да мүмкіндіктері таныстырылды.

Инновациялар, цифрлық басқару және инвестициялар тарту саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Шэньчжэнь тәжірибесін зерделеуге ерекше назар аударылды. Қытай мегаполисінің озық тәжірибелерін Алатау қаласын дамыту барысында пайдалану жоспарлануда. Атап айтқанда, жаңа буындағы аккумуляторлар, энергия сақтау жүйелері, заманауи ауыл шаруашылығы техникасы өндірістерін құру, электр көлігі мен қуаттау инфрақұрылымын дамыту, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, энергетика нысандарын, инженерлік, көлік және логистикалық инфрақұрылымды салу, сондай-ақ Smart City технологияларын енгізу туралы келісімдерге қол қойылды.

Роуд-шоу аясында жетекші қытайлық корпорациялар мен инвестициялық топтардың басшылығымен бірқатар екіжақты кездесу өткізілді, олардың ішінде China Resources, Ping An Group, China State Construction Engineering Corporation International (CSCEC International), Funde-Gemdale Group, China International Marine Containers Group (CIMC), Sunwah Group, SINOMACH Hainan Development және тағы да басқалар бар. Келіссөздер барысында қытайлық компаниялардың Alatau City жобаларын жүзеге асыруға қатысу, өндірістерді локлизациялау, технологиялар трансферті және қаланы дамыту саласында озық тәжірибемен алмасу мәселелері талқыланды.

Іс-шара қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы 24 келісімге қол қойылды, өнеркәсіп, энергетика, логистика, жоғары технологиялар, қалалық инфрақұрылым және цифрлық экономика салаларында жалпы инвестициялық әлеуеті $6 млрд-қа дейінгі жобаларды жүзеге асыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Шэньчжэньдегі роуд-шоу халықаралық нарықта Alatau City-дің инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілетудің маңызды кезеңі болды және бизнестің Алатау қаласын дамытуға қатысуға деген жоғары қызығушылығын растады.

Инвесторларды тарту жөніндегі жұмыс Гонконгтегі жетекші инвестициялық қорлардың, қаржы ұйымдарының, банктердің, сақтандыру компаниялары мен технологиялық корпорациялардың қатысуымен өтетін келесі іс-шаралар аясында жалғасатын болады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы АЭС жобасы 10 мың адамды жұмыспен қамтуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2026

Конституциялық сот Шымбұлаққа көлікпен кіруге қатысты шектеуді заңсыз деп таныды

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2026

Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында жолдар жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2026

Президент білім саласына қатысты маңызды заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2026

Алматы облысында ірі спорттық турнир өтті

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz