Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Санэпидкомитет төрағасы Алматы облысындағы эпидемиологиялық ахуалды тексерді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы С. Бейсенова Алматы облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Сапар өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау және қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Жұмыс сапары облыс әкімінің орынбасары Ғ.А. Майлыбаев төрағалығымен өткен денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысынан басталды. Жиында қазіргі эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру шаралары талқыланды. Комитет төрағасы саладағы өзекті мәселелерге талдау жасап, алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындады.

Сапар аясында С. Бейсенова иммунобиологиялық препараттардың облыстық қоймасының жұмысымен танысып, зертхана мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет бөлімшелерін аралады.

Жаппай демалыс орындарының дайындығына да ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, комитет төрағасы Қапшағай су қоймасы жағалауындағы қалалық жағажайға барып, абаттандыру жұмыстарының барысын әкімдік пен мердігер ұйым өкілдерімен бірлесіп тексерді.

Жұмыс бағдарламасы облыстың Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында жалғасты. Мұнда санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен және сала ардагерлерімен кездесулер өтті.

Сапар барысында өңірдегі инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының оң нәтижелері атап өтілді. Соңғы жылдары ғимараттар жөнделіп, материалдық-техникалық база мен автопарк жаңартылған. Бұл көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, жүйенің тиімділігін күшейтуге мүмкіндік беріп отыр.

Комитет төрағасының Алматы облысына жұмыс сапары ертең де жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz