Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 7 айда 1000-ға жуық адамның жемқорлығы әшкереленді

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады. Қабылдауда 7 айда болған жемқорлық фактісі мен атқарылған жұмыстар туралы айтылды, деп хабарлайды Alataunews.kz "БОРТ 1" телеграм каналына сілтеме жасап.

10.08.2022
Жаңалықтар, Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар баяндалды. Атап айтқанда биылғы 7 айда 1400-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, жемқорлық фактісімен 900-ге жуық тұлға әшкереленді.

Президентке сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу жөніндегі профилактикалық және алдын алу шаралары туралы мәлімет берілді.

Олжас Бектеновтің айтуынша, аталған шаралар аясында көліктік бақылау, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті салаларындағы сыртқы талдаудың аяқталғанын хабарлады.

Сыбайлас жемқорлық қауіптері мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастырудың өнім көлемін жоспарлаудан бастап шарт міндеттемелерін орындауға дейінгі барлық сатысында кездеседі.

Президенттің тапсырмасына сәйкес агенттік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмысын бағалау тәсілдерін қайта қарады.

Статистикалық көрсеткіштер үшін ғана жасалатын әрекеттер алынып тасталды.

Ведомствоның қызметінде бағдар ретінде сыбайлас жемқорлық қауіптерінің картасы айқындалып, оған процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілерге және жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамауына байланысты халық пен бизнесті толғандыратын көкейкесті мәселелер енгізілді.

Кездесу соңында мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Тегтер: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2026

Алматы облысында коммуналдық тарифтер қалай реттеледі?

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
28.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
28.09.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Акжаркын
28.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz