Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Референдум күні Іле ауданында тұрғындар тегін медициналық тексеруден өтті

Референдум күні тұрғындардың денсаулығына ерекше көңіл бөлу мақсатында Іле ауданындағы бірнеше дауыс беру учаскесінің маңында «Денсаулық – зор байлық» атты медициналық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Шара аясында арнайы жабдықталған көшпелі медициналық автобус қызмет көрсетіп, учаскеге келген азаматтарға тегін алғашқы медициналық тексерулер жүргізілді.

Акция барысында медицина қызметкерлері тұрғындардың қан қысымын өлшеп, жалпы денсаулық жағдайына қатысты алғашқы тексерулер жасады. Сонымен қатар азаматтарға скринингтік тексерулердің маңыздылығы, түрлі аурулардың алдын алу жолдары және салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы жөнінде кеңестер берілді.

Көшпелі медициналық автобус арқылы келген тұрғындар дәрігерлердің қабылдауынан өтіп, өз денсаулығы туралы маңызды ақпарат алды. Мамандар дұрыс тамақтану, тұрақты медициналық тексеруден өту, физикалық белсенділікті арттыру және зиянды әдеттерден аулақ болу бойынша пайдалы кеңестер берді.

Медицина мамандарының айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар тұрғындардың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға, аурудың алдын алуға және азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Акцияға қатысқан тұрғындар да бастаманы оң бағалады.

«Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Мен де өз дауысымды бердім. Президентіміз аман болсын, тыныш заман болсын. Сонымен қатар референдум аясында бүгін денсаулығымызды да тексертіп жатырмыз, пайдалы кеңес алдым. Мұндай шаралар халыққа өте қажет», – дейді Өтеген батыр ауылының тұрғыны, зейнеткер Гүлмира Сауданова.

Осылайша, референдум күні тек саяси маңызды оқиға ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың денсаулығына көңіл бөлінген, қоғам игілігіне бағытталған пайдалы бастамалармен де есте қалды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz