Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қыркүйекте ауа райы қандай болады?

Қорлан Нұрланқызы
01.09.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Синоптиктер елімізде қыркүйек айында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, қыркүйек айында еліміздің басым бөлігінде салқын әрі жаңбырлы болады. Айдың басында ғана Қазақстанның батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Қыркүйек айында еліміздің солтүстік бөлігінде жиі жауын-шашын болады деп күтіледі. Арасында 1-3 күн күн ашық болады. Кейбір күндері республикамыз бойынша найзағай ойнап, бұршақ түсіп, екпінді жел тұрып, жаңбыр жауады деп болжанады. Еліміздің солтүстігінде тұман жиі тіркеледі деп күтіледі, — деді «Қазгидромет» РМК.

Қыркүйектің бірінші онкүндігінде мына өңірлерде ауа райы мынандай болады деп болжанады:

  • елдің батысында түнде: +8…+15°С, күндіз: +23…+30°С;
  • республикамыздың оңтүстік-батысында түнде: +17…+25°С, күндіз: +28…+35°С, тек жекелеген күндері – сынап бағаны шамалы төмендейді;
  • Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде: +3…+10°С-тан +10…+15°С, күндіз: +17…+25 °С-тан +22…+27°С аралығында ауытқиды;
  • Қостанай облысында түнде: +2…+7°С, топырақ беті қатады, +8…+13°С, күндіз: +10…+18°С, +17…+25°С;
  • Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде түнде: +2…+10°С, күндіз: +8+15°С, онкүндіктің соңына қарай сынап бағаны ақырындап шамалы көтеріледі деп күтіледі;
  • республикамыздың шығысында ауа температурасы түнде: +8…+16°С-тан +2+7°С аралығында ауытқиды деп күтіледі, онкүндіктің екінші жартысында күн күрт суытуы мүмкін, күндіз: +12+23°С-тан +17+25°С аралығында ауытқиды;
  • еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз: +22…+30°С-тан +17+23°С-қа дейін төмендейді деп болжанады.

Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндіктерінде:
 

  • республикамыздың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде сынап бағаны +3…+8°С көрсетеді, жекелеген аудандарда күн күрт суытуы мүмкін, күндіз ауа температурасы +12…+19°С-тан +21…+26°С-қа дейін қызады;
  • еліміздің батысында және оңтүстік аймақтарында ауа температурасы түнде: +7…+15°С, айдың екінші жартысында топырақ беті қатуы мүмкін, күндіз ауа температурасы +25…+35°С-тан +15…+23°С-қа дейін аралығында ауытқиды деп күтіледі.

Қыркүйектің үшінші онкүндігінде солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

Тегтер: ауа райы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жетім қызға қатысты зорлық ісі: екі күдікті ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Қазақстанда тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Алматы облысында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» бір жылда 121 адамды қамтыды

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

Талғар ауданында екі жаңа мектеп ашылды: үш ауысымды оқыту мәселесі шешіліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz