Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Қазақстанда биыл тамыз айында Құрылтай сайлауы өтеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада ғалымдармен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабаралайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026
Жаңалықтар, Саясат

Мемлекет басшысы бұл маңызды саяси науқан туралы алдын ала хабарлауды қажет деп санайтынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі», — деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін ауқымды түрде жаңғыртуға жол ашады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бұл реформалар саяси және экономикалық өзгерістермен қатар, қоғамдық сананың оң бағытта жаңаруына ықпал етуі тиіс екенін атап өтті.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Жалақыдан жалақыға дейін: қарызға тәуелді қоғам қаржылық еркіндікке қашан жетеді?

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
21.10.2026

Меншік құқығын қорғау – құқықтық мемлекеттің маңызды қағидасы

Акжаркын
21.10.2026

Заң үстемдігі – әділетті мемлекеттің тірегі

Акжаркын
21.10.2026

Зиянды әдетке жол жоқ: есірткімен күрес

Акжаркын
21.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz