Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғар ауданында екі жаңа мектеп ашылды: үш ауысымды оқыту мәселесі шешіліп жатыр

Алматы облысының Талғар ауданында екі жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Білім ошақтары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында салынған. Үш ауысымды оқыту жүйесін жою мақсатында өңірде барлығы 26 мектептің құрылысы жоспарланған. Оның 7-еуі Талғар ауданында бой көтерген.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысып, аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын жеткізді.

«Біздің ең басты байлығымыз – өскелең ұрпақ. Сондықтан мемлекет тарапынан балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалуда. Қазіргі заманда білім – тұтас ұлттың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі фактор», – деді ол.

Жалқамыс ауылында ашылған мектептің жалпы аумағы 9 мың шаршы метрді құрайды. 600 орынға арналған білім ордасында алдағы уақытта 900-ден астам оқушы екі ауысымда білім алады. Ал Жібек жолы ауылындағы мектеп 900 оқушыға есептелген, оның аумағы 10 мың шаршы метр.

Екі мектеп те заманауи технологиялармен, STEM-зертханалармен және инклюзивті құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар оқушылардың спортпен және шығармашылықпен айналысуына барлық жағдай қарастырылған.

Жергілікті тұрғындар жаңа мектептердің ашылуын үлкен қуанышпен қарсы алды.

«Жалқамыс – менің туған ауылым. Бұрын балаларымыз ескі мектепте оқыса, енді немерелеріміз заманауи білім ордасында білім алады. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш», – деді ауыл тұрғыны Роза Әділова.

Ал Жібек жолы ауылының тұрғыны Бауыржан Баймағұлов бұл оқиға ауыл үшін маңызды екенін атап өтті.

«Көптен күткен мектеп ашылды. Енді балаларымыз жайлы жағдайда білім алады. Болашақта осы мектептен елге қызмет ететін білікті мамандар шығады деп сенемін», – деді ол.

Алматы облыстық білім басқармасының мәліметінше, өңірде бүгінде 443 мектеп жұмыс істейді, онда 360 мыңнан астам оқушы білім алуда. Жыл соңына дейін «Келешек мектебі» бағдарламасы аясында тағы 9 мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар тағы 9 білім беру нысанының құрылысы басталады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Атамекенге оралған балалар: әлем қазақтарының 288 баласы «Балдәуренде» бас қосты

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Алматы облысында былтыр жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz