Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта жаңа облыстық сот ғимараты салынады: құрылыс басталды

Қонаев қаласында Алматы облыстық сот ғимаратының іргетасы қаланып, құрылыс жұмысы басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.04.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бұл шараға ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, уақыт капсуласын салды.

Ғимараттың жалпы ауданы 12 мың шаршы метрден асады. 5 қабатты нысанда 22 сот залы, жұмыс кабинеттері мен жертөлесі бар. Барлық қауіпсіздік талаптары ескерілген. Құрылыс 15 ай бойы жүргізіліп, келесі жылы пайдалануға беріледі. Ол үшін тиісті техника мен білікті мамандар жұмылдырылған. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары басталып, 40 жұмысшы жұмылдырылған. Алдағы уақытта құрылысшылар саны 100-ге дейін ұлғаяды.

Қонаев қаласындағы құрылыс қарқыны мұнымен шектелмейді. Облыс орталығында биыл алты бірдей еңселі ғимараттың іргетасы қаланады. Осы уақытқа дейін инфрақұрылымды дамыту, су, газ, кәріз құбырын тарту, сондай-ақ жобалау шаралары атқарылған.
«Қазіргі таңда Қонаевта 6 нысанның құрылысы бекітілген кестеге сәйкес белсенді жүріп жатыр. Бұл жобалар мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттырып, Қонаев қаласының көркін аша түседі», – деді Алматы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Жасұлан Оңалбаев.

Атап айтқанда, Ұлттық Қауіпсіздік комитетіне, полиция департаментіне, облыс әкімдігіне қарасты мекемелерге арналған нысандар мен департаменттер үйі бой көтереді. Яғни 6 жоба жоспарлау кезеңінен іске асыру сатысына өтті. Бұл өңір экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Одан бөлек облыс орталығында Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Драма театры, «Қонаев-Арена» көпфункционалды кешені, 600 орынды кітапханасы бар Оқушылар сарайы, зертханасы бар мұражай салынатын болады.

Осылайша, Қонаев әкімшілік-іскерлік басқару орталығына әрі мәдениет пен руханият ошағына айналады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz