Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта тәулігіне 150 тонна ірімшік өндіретін зауыт салынып жатыр

Қонаев қаласында тәулігіне 150 тоннаға дейін, жылына 40 920 тонна ірімшік өндіруге қауқарлы зауыт салынып жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жаңа кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 40 920 тоннаға дейін жетеді деп жоспарланған. Жобаның жалпы инвестициялық құны – 35,3 млрд теңге.

Кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін Қонаев қаласында шамамен 450 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеумен қатар, өңірдегі өндіріс көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов құрылыс алаңына барып, инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. Сапар барысында құрылыстың қазіргі кезеңі, нысанға инженерлік инфрақұрылым тарту және қажетті коммуникациялармен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Қазіргі уақытта зауыт орналасатын 31 гектар жер телімі толық қоршалған. Сонымен қатар аумағы 10 мың шаршы метр болатын тоңазытқыш қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Қала әкімі жобаның жүзеге асырылуына жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті. Әсіресе кәсіпорынды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесіне басымдық берілмек.

 

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

70 жаңа көлік, 147 бригада: Алматы облысында жедел жәрдем қызметі күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысында 66 шақырым көшеге алғаш рет жол төселді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Құрылтай сайлауы күні полиция күшейтілген режимге көшеді

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Алматы облысының мұздығынан адам сүйегіне ұқсас қалдықтар табылды

Қорлан Нұрланқызы
19.08.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Диана Ахметова
19.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz