Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта қоқыс тастағандарға миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

2026 жылдың басынан бері Қонаев қаласында абаттандыру қағидалары мен санитариялық талаптарды сақтау бойынша бақылау күшейтілді. Полиция қызметкерлері тұрақты рейдтер жүргізіп, қоғамдық орындарды ластаған азаматтарды жауапкершілікке тартып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау, тұрмыстық қалдықтарды бейберекет жинау және іргелес аумақтарды күтіп ұстау қағидаларын бұзу деректеріне ерекше назар аударылып отыр.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабы — «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бойынша 28 құқық бұзушылық тіркелген. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 959 920 теңгені құрады.

Сонымен қатар екі қала тұрғыны қоғамдық жұмыстарға тартылса, тағы сегіз әкімшілік іс сот қарауында жатыр.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жол жиегіне, тұрғын үй маңына, бос жатқан аумақтарға және демалыс орындарына қоқыс тастаумен байланысты.

«Құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды контейнер алаңдарының маңына немесе тікелей көше бойына қалдыру деректері жиі тіркеледі», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Бұдан бөлек, ӘҚБтК-нің 505-бабы — «Абаттандыру қағидаларын бұзу» бойынша жыл басынан бері 395 құқық бұзушылық анықталған. Бұл бойынша салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 778 500 теңгеге жеткен.

Сондай-ақ полицейлер 38 ресми нұсқама беріп, тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Құқық қорғау органдары профилактикалық шаралар тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті. Полиция қызметкерлері қала тазалығы тек коммуналдық қызметтерге емес, тұрғындардың жауапкершілігіне де байланысты екенін еске салды.

Қонаев қаласының билігі тұрғындарды санитариялық талаптарды сақтауға, қоқысты рұқсат етілмеген жерлерге тастамауға және қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға шақырды. Сонымен қатар құқық бұзушыларға айыппұлмен қатар қоғамдық жұмыстар секілді қатаң шаралар қолданылатыны ескертілді.

Тегтер: ҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
30.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
30.09.2026

Іле ауданының әкімі тұрғындардың баспана және инфрақұрылым мәселелерін тыңдады

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz