Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта «Мектепке жол» акциясы аясында 1 400-ден астам балаға көмек көрсетілді

Қонаев қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасып жатыр. Акция аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларын мектепке дайындауға көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, осы уақытқа дейін мемлекеттік бюджеттен 73 млн теңгеден астам қаржы қарастырылып, 1 442 баланың ата-анасының есепшотына тиісті қаражат аударылған.

Мемлекеттік қолдаумен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетім және қамқоршылықтағы, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы оқушылар қамтылды.

Қайырымдылық акциясына қала кәсіпкерлері де белсенді атсалысуда. Демеушілердің қолдауымен 53 балаға жалпы сомасы 2 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.

«Мектепке жол» республикалық акциясы 31 тамызға дейін жалғасады. Қосымша ақпарат алу және өтінім беру үшін Қонаев қаласындағы білім беру ұйымдарында арнайы байланыс орталықтары жұмыс істейді.

Байланыс телефондары:

  1. Орта мектеп-гимназиясы – 8 707 593 82 67
  2. Қазақ орта мектеп-лицейі – 8 747 339 79 38
  3. Д. Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі – 8 775 945 20 34
  4. Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп – 8 707 019 37 17
  5. Ш. Уәлиханов атындағы №2 гимназия – 8 700 669 84 90
  6. №2 орта мектеп – 8 707 504 19 00
  7. №3 орта мектеп – 8 747 237 22 12
  8. Қ. Қайсенов атындағы №4 орта мектеп – 8 770 822 61 69
  9. А. Жұбанов атындағы №5 орта мектеп – 8 775 873 23 33
  10. Шеңгелді ауылындағы №6 орта мектеп – 8 776 986 18 22
  11. Кербұлақ ауылындағы №7 орта мектеп – 8 707 161 51 92
  12. Сарыбұлақ ауылындағы №8 орта мектеп – 8 777 050 90 04
  13. Қосқұдық ауылындағы №9 орта мектеп – 8 702 695 48 93
  14. Ақөзек ауылындағы №10 орта мектеп – 8 707 128 35 57

Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларды жаңа оқу жылына дайындап, олардың мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне қолдау көрсету.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Құқықтық қоғам – жарқын болашақ кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

Конституция: кеше, бүгін және ертең

Диана Ахметова
13.08.2026

Алкогольдің адам өміріне әсері

Диана Ахметова
13.08.2026

Қонаевта Абай рухына тағзым етілді

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Шеңгелдіде картоп алқабы үш есе ұлғайды

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz