Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта балалар қауіпсіздігі мен коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды

Қонаев қаласында «Әділет» партиясының Алматы облыстық сайлауалды штабы ұйымдастырған қоғамдық қабылдауда балалардың қауіпсіздігі, көшелерді жарықтандыру, бейнебақылау жүйелерін дамыту және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері көтерілді. Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Серік Нұрқадыров тұрғындарға партияның 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026
Жаңалықтар

Кездесу барысында тұрғындар балалардың мектептен, әсіресе кешкі уақытта, үйге қауіпсіз оралуына қатысты алаңдаушылықтарын жеткізді. Ата-аналар көшелерді жарықтандыру, қоғамдық орындарға бейнебақылау камераларын орнату және білім беру мекемелерінің айналасындағы қауіпсіздікті күшейту қажеттігін атап өтті.

Серік Нұрқадыровтың айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету партия бағдарламасындағы басым міндеттердің бірі ретінде белгіленген.

«Балалардың қауіпсіздігі – кез келген отбасы үшін маңызды мәселе. Ата-ана баласын мектепке жібергенде немесе кешкі уақытта үйіне күткенде алаңдамауы керек. Біздің бағдарламамызда қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті күшейту, бейнебақылау жүйелерін дамыту және білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері белгіленген. Осы бастамалардың жүзеге асуына депутаттық өкілеттік аясында ықпал етуді көздейміз», – деді кандидат.

Партияның сайлауалды бағдарламасында «Сергек» жүйесіне қарасты 9 мың бейнебақылау камерасының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету көзделген. Сондай-ақ жыл сайын 447 білім беру нысанындағы камераларды Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосу жоспарланып отыр.

Қоғамдық қабылдауда Қонаев қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңарту мәселесі де талқыланды. Атап айтқанда, партия бағдарламасында қаланың №2, 3 және 5 шағынаудандары мен Абай көшесінде кәріз және су бұру жүйелерін дамыту қарастырылған. Сонымен қатар 2028 жылы жаңа кәріз-тазарту құрылыстарын пайдалануға беру жоспарланған.

Бұдан бөлек, Қонаев қаласының Жаңа Іле ауданында автоматтандырылған газ тарату станциясын салу жобасы қамтылған.

Кездесуде тұрғындар аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын көбейту, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау және қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру мәселелеріне де назар аударды.

«Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау – тек жаңа ғимараттар салу емес. Аулада балалардың ойнайтын орны, қауіпсіз жүретін жолы, көгалдандырылған қоғамдық кеңістік болуы керек. Коммуналдық жүйелер де тұрақты жұмыс істеуі тиіс. Біз осы мәселелерге қатысты тұрғындардың ұсыныстарын ескеріп, қажетті жобалардың жүзеге асуына ықпал етуді мақсат етеміз», – деді Серік Нұрқадыров.

Сонымен қатар партияның «Таза Қазақстан» бағыты аясында Алматы облысының елді мекендеріне жыл сайын 220 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Кездесу қорытындысында тұрғындардың ұсыныстары тыңдалып, партияның өңірлік бағдарламасында қамтылған міндеттер талқыланды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz