Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта Абай рухына тағзым етілді

Қонаев қаласында ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Тағзым ету рәсіміне Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов, ақын-жазушылар, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Абай Құнанбайұлы – қазақтың сөз өнерін биік деңгейге көтеріп қана қоймай, тұтас ұлттың ой-санасы мен рухани болмысына терең із қалдырған дара тұлға. Оның шығармалары адамды білім мен ғылымға ұмтылуға, адал еңбек етуге, ар-ұятты биік ұстауға, ел мен жердің қадірін түсінуге үндейді.

Ұлы ақынның «толық адам» туралы тағылымы, ғылым мен білімді дәріптеген ойлары, адамгершілік пен елдікке шақырған өсиеттері арада ғасырдан астам уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Керісінше, уақыт өткен сайын Абай мұрасының тереңдігі мен тағылымдық мәні айқындала түсуде.

Ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою – ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абайға деген құрметтің белгісі. Бұл ұлы тұлғаның есімін ұлықтаумен қатар, оның рухани мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызын тағы бір мәрте айқындайды.

Абайдың сөзі – уақыт өткен сайын жаңғыра түсетін асыл қазына. Ал оның мол мұрасы – ұлтпен бірге жасайтын мәңгілік құндылық.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Қырағылық – киберқылмысқа қарсы қорған

Диана Ахметова
13.08.2026

Жол мәдениеті – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

Экологиялық мәдениет – өркениет өлшемі

Диана Ахметова
13.08.2026

Құқықтық қоғам – жарқын болашақ кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

Конституция: кеше, бүгін және ертең

Диана Ахметова
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz