Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев тұрғындары отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша онлайн кеңес ала алады

Қонаев қаласының тұрғындары отбасылық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша сұрақ қойып, мамандардан кеңес ала алады. Осы мақсатта 11–13 тамыз аралығында ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Threads платформасындағы ресми парақшасында үш күндік онлайн-акция өтеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Акцияның негізгі мақсаты – отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету және тұрғындармен ашық пікір алмасу.

Бүгінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың кез келген түріне заңмен тыйым салынған. Отбасы – қоғамның негізі, ал оның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы қоғамның әл-ауқатына тікелей әсер етеді.

Онлайн-акция барысында отбасылық зорлық-зомбылыққа тап болған немесе осындай жағдайдың куәсі болған азаматтар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін қалдыра алады. Түскен барлық өтініштер міндетті түрде қаралады.

Азаматтардың сауалдарына отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері жауап беріп, қажетті кеңес береді. Қажет болған жағдайда мамандар көрсетілген мекенжайға барып, тиісті көмек көрсетеді.

Онлайн алаң барлық азаматтар үшін ашық. Ал Threads платформасын пайдалануды білмейтін тұрғындар үшін оған кіру және өтініш қалдыру тәртібі экранда кезең-кезеңімен көрсетіледі.

Мамандар тұрғындарды отбасылық зорлық-зомбылық жағдайларына бейжай қарамай, қажет болған жағдайда көмекке жүгінуге шақырады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz