Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаев – Бақанас тасжолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

21 қазаннан бастап Алматы облысындағы Қонаев – Бақанас автожолының бір бөлігінде көліктердің орташа жылдамдығын бақылайтын жүйе жұмыс істей бастады. Бақылауға алынған жол учаскесінің ұзындығы 38 шақырым 965 метрді құрайды, деп хабарлайды Alataunews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026
Жаңалықтар

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жаңа жүйе 21 қазан күні сағат 00:00-ден бастап іске қосылған. Оның басты ерекшелігі – жолдың әр бөлігінде рұқсат етілген жылдамдықтың әртүрлі болуы. Сондықтан жүргізушілер жол белгілеріне мұқият назар аударып, белгіленген жылдамдық шектеулерін сақтауы тиіс.

Орташа жылдамдық қалай есептеледі?

Жүйе жолдың басы мен соңында орналасқан арнайы камералар арқылы жұмыс істейді. Камералар көліктің бақылау нүктелерінен өткен уақытын тіркеп, жүріп өткен қашықтық пен жұмсалған уақыт негізінде орташа жылдамдықты есептейді.

Яғни жүргізуші тек камераға жақындағанда жылдамдығын төмендеткенімен, бұл ереже бұзушылықтан құтқармайды. Егер бақылаудағы учаскеде белгіленген жылдамдық режимі бұзылса, жүйе оны автоматты түрде тіркейді.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Ақтоты Боранованың айтуынша, жаңа жүйенің негізгі мақсаты – жүргізушілерді жазалау емес, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру.

«Біздің мақсатымыз – жазалау емес. Жүргізушілердің тек камера алдында емес, бүкіл жол бойы қауіпсіз жылдамдықты сақтағанын қамтамасыз ету. Жылдамдықты асыру әлі де тасжолдағы ауыр жол апаттарының басты себебі болып отыр. Сондықтан өзіңізді және жолаушыларыңызды сақтаңыз!» – деді Ақтоты Боранова.

Полиция жүргізушілерді Қонаев – Бақанас бағытында жол белгілерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және жолдағы қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондардың көмегімен 3900-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Қонаев – Бақанас тасжолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
21.10.2026

Еңбекшіқазақ ауданында тұрғындар жылжымалы медициналық кешендерде тексеріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.10.2026

Алматы облысында есірткі мен алкогольге тәуелді азаматтарға қалай көмек көрсетіледі?

Қорлан Нұрланқызы
20.10.2026

Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

Акжаркын
20.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz