Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында тұрғындар жылжымалы медициналық кешендерде тексеріліп жатыр

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жылжымалы медициналық кешендер тұрғындарды онкологиялық ауруларға тексеріп жатыр. Алматы аймақтық көпсалалы клиникасына қарасты арнайы жабдықталған екі кешен осы аптада аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде. Бұл бастама шалғай елді мекендерде тұратын азаматтардың заманауи диагностикалық тексерулерден өтуіне мүмкіндік береді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.10.2026
Жаңалықтар

Жылжымалы медициналық кешендерде маммография, компьютерлік томография (КТ), сондай-ақ онколог дәрігердің жолдамасы бойынша ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жүргізіледі. Мұндай тексерулер қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға, ауруға күдік туындаған жағдайда пациенттерді қосымша диагностикаға жіберуге бағытталған.

2026 жылғы 4 ақпан мен 30 қыркүйек аралығында жылжымалы медициналық кешендердің қызметін 11 661 пациент пайдаланған. Оның ішінде 4 774 әйел маммографиядан, 3 881 адам ультрадыбыстық зерттеуден, 3 006 пациент компьютерлік томографиядан өткен. Тексеру нәтижесінде 32 пациенттен қатерлі ісік анықталған. Бұдан бөлек, 346 адамда онкологиялық ауруға күдік туындап, 219 пациенттен обыр алды аурулар табылған.

Ал 2025 жылғы 3 ақпан мен 19 желтоқсан аралығында жылжымалы кешендер арқылы 13 414 адам медициналық тексеруден өткен. Олардың 4 342-сі маммографиядан, 5 624-і ультрадыбыстық зерттеуден, 3 228-і компьютерлік томографиядан өткен.

Өткен жылғы тексерулер барысында да 32 пациенттен қатерлі ісік анықталған. Сонымен қатар 290 адамда онкологиялық ауруға күдік туындап, 490 пациенттен обыр алды аурулар табылған.

Осылайша, 2025 жылғы және 2026 жылдың тоғыз айына жуық кезеңіндегі тексерулер нәтижесінде барлығы 64 пациенттен қатерлі ісік анықталған.

Шалғай ауыл тұрғындарына медициналық көмек қолжетімді бола түспек

Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының директоры Саяхат Олжаевтың айтуынша, жылжымалы медициналық кешендердің басты міндеті – сапалы диагностикалық қызметті халыққа жақындату.

«Онкологиялық ауруларды ерте анықтау – емнің тиімділігін арттырудағы маңызды қадам. Сондықтан тұрғындардың тұрғылықты жеріне қарамастан, қажетті диагностикалық тексерулерден уақытылы өтуіне жағдай жасауға ерекше көңіл бөлеміз. Жылжымалы медициналық кешендер шалғай ауыл тұрғындары үшін өте маңызды. Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, ауруларды ерте анықтау мен медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға күш саламыз», – деді Саяхат Олжаев.

Медициналық кешендердің елді мекендерге баруы тұрғындардың облыстық медициналық ұйымдарға арнайы келмей-ақ қажетті тексерулерден өтуіне жағдай жасайды. Әсіресе, онкологиялық ауруларды ерте анықтауда мұндай диагностикалық қызметтердің маңызы зор.

Мамандардың айтуынша, қатерлі ісікті бастапқы кезеңде анықтау емдеу нәтижелерін жақсартуға және асқыну қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты дәрігерлер Алматы облысының тұрғындарын профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп, денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында тұрғындар жылжымалы медициналық кешендерде тексеріліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.10.2026

Алматы облысында есірткі мен алкогольге тәуелді азаматтарға қалай көмек көрсетіледі?

Қорлан Нұрланқызы
20.10.2026

Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

Акжаркын
20.10.2026

Меншік құқығын қорғау – құқықтық мемлекеттің маңызды қағидасы

Акжаркын
20.10.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
20.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz