Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанның 6 өңірінде 3698 жеке тұрғын үй су астында қалды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 58 елді мекенге көлік қатынасы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Қанат Бозымбаевтың баяндауынша, Қазақстанда су тасқынына қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр. 6 өңірде 3698 жекеменшік үй су астында қалды. Автожолдардың 155 учаскесінде су шайылған. Су шайған 88 учаске бақылауға алынды. Оның 4-і – көпір. 58 елді мекенге көлік қатынасы жоқ. Оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр.

«10 өңірде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарында 17 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. 1900-ден астам теxника, 500 бірлікке жуығы – сору теxникасы мен жүзу құралдары бар. Төтенше жағдай аймақтарынан 70 мыңнан астам адам көшірілді. Оның 17 мыңға жуығы – балалар. Ауа райы болжамы бойынша таяу арада күн жылы болады. Қардың жылдам еруі және су айдындарының толуы жалғасатын болады. Бүгінгі күні қар жатқан жерлер жалпы еліміз бойынша 15%, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 40%-ға жуық болып жатыр», – деді премьер-министрдің орынбасары.
Тегтер: су басу қаупісу тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz