Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанға әкелінген жолбарыстар аң аулай бастады: Үміт пен Амурдың жағдайы қалай?

Алматы облысындағы Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына Ресейден жеткізілген амур жолбарыстары жаңа ортаға бейімделіп, өздігінен аң аулай бастады. Алайда Үміт пен Амурдың жұп құрып, ұрпақ өрбітуі әзірге белгісіз. Бұл туралы Ресейдегі «Амур жолбарысы» орталығының бас директоры Сергей Арамилев мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026
Жаңалықтар

Биыл мамыр айында Ресей Қазақстанға жолбарыстар популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында төрт амур жолбарысын тапсырған болатын. Жануарлар Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына жеткізілді. Олардың екеуі табиғи ортаға жіберілді. Атап айтқанда, Үміт есімді аналық жолбарыс шілде айының соңында, ал Амур есімді аталығы қазан айының соңында еркіндікке шықты.

Жыртқыштардың табиғи ортаға бейімделуіне қолайлы жағдай жасау үшін резерват аумағына 300-ден астам бұғы мен құлан жіберілген. Сергей Арамилевтің айтуынша, қазір екі жолбарыстың да жағдайы жақсы. Олар өздеріне қолайлы аумақты мекендеп, табиғи жолмен қорек табуға көшкен.

«Аналық жолбарыс тұрақты түрде аң аулайды. Оның олжаларының арасында қабан, Бұқар бұғысы және қасқыр бар. Аталық жолбарыс та бір жануарды ұстаған. Алайда оның қандай аң екенін жолбарыс сол жерден алыстағаннан кейін ғана анықтай аламыз. Мамандар жануардың қалдықтарын зерттейді», – деді Сергей Арамилев.

Мамандар екі жыртқыштың жұп құрып, ұрпақ өрбітуінен үмітті. Дегенмен олардың бір-бірін қабылдамау ықтималдығы да жоқ емес. Себебі Үміт табиғи ортаға ертерек жіберіліп, өз аумағын белгілеп үлгерген. Енді Амур аналық жолбарыстың иіс іздерін тауып, оның мекендейтін жеріне жақындауы тиіс.

Сарапшының айтуынша, Қазақстанға жеткізілген жолбарыстардың ересек әрі көбеюге қабілетті болуы арнайы ескерілген. Алайда олардың жұп құруы табиғи мінез-құлқына байланысты.

«Кейде мұндай ірі жануарлар бір-бірін ұнатпауы мүмкін. Жолбарыстардың мінезі күрделі болғандықтан, олардың бір-біріне қалай қарайтынын алдын ала болжау қиын», – деді маман.

Қазіргі уақытта Үміт пен Амурдың арақашықтығы шамамен бір тәуліктік жолға тең. Егер олар жұп құрмаса, аталық жолбарыс басқа аналықты іздеуі мүмкін. Сондықтан мамандар үшін ең маңызды нәтиже – табиғи ортада жолбарыс төлінің дүниеге келуі.

Жыртқыштардың қозғалысы GPS арқылы бақыланады. Екі жолбарысқа да спутниктік байланыс орнатылған арнайы қарғыбау тағылған. Құрылғылар жануарлардың орналасқан жерін, қозғалыс бағытын және белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Бақылау нәтижесінде Үміттің тәулігіне 7–15 шақырым жол жүретіні белгілі болды. Оның қозғалыс жылдамдығы мен тынығу уақыты Ресейдің Хабаровск және Приморье өлкелеріндегі жолбарыстардың табиғи тіршілік дағдыларына сәйкес келеді.

Жоба аясында келесі жылы Қазақстанға тағы екі жолбарыс жеткізу жоспарланған. Алайда оларды табиғи ортаға жіберу орындары қазіргі жыртқыштардың қозғалысы мен мекендеу аумағына жүргізілген бақылау нәтижелеріне қарай анықталады.

Қазақстандық мамандардың бағалауынша, Іле-Балқаш резерватында болашақта 50-ге дейін жолбарыс мекендей алады. Ал ресейлік сарапшылар тұрақты популяция қалыптастыру үшін бастапқы кезеңде 10–15 жолбарыстың болуы жеткілікті деп есептейді.

Айта кетейік, амур жолбарысы – Қазақстан аумағында бұрын мекендеген, кейін жойылып кеткен тұран жолбарысының генетикалық тұрғыдан ең жақын туысы. Іле-Балқаш резерватында жүзеге асырылып жатқан халықаралық жоба елімізде жолбарыстар популяциясын қайта қалпына келтіруге бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz