Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтар енді Яндекс іздеуге ана тілінде дауыстық сұрау сала алады

Яндекс Іздеу қазақ тіліндегі дауыстық сұрауларды түсіне бастады. Енді қолдаланушылар сұрақтарды дауыспен орыс тілінде ғана емес, өз ана тілінде де қоя алады. Жаңа мүмкіндік Яндекс Веб шолғыш және Яндекс Алисамен бірге мобильді қолданбаларында қолжетімді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Наурыз айында 12 млн астам қазақстандық Яндекс Іздеуді қолданды, оның 4,5 млн — мобильді қолданба арқылы. Смартфонда дауыспен сұрақтар қою, мәтін теруден гөрі ыңғайлы. Қарым-қатынас тілін алдын ала таңдаудың қажеті жоқ. Яндекс адам тіпті орыс және қазақ тілдерін араластырып айтса да түсінеді — мысалы, «Қожа Ахмет Ясауи мавзолей қай жерде орналасқан?». Дауыстық сұрақ қою үшін, қолданбаның іздеу жолағындағы микрофон белгішесін басу керек.

Қазақ тіліндегі сұрау салулар бойынша қолданушылар ұлттық тілдегі құжаттарды ғана емес, сонымен қатар қазақ тіліне нейрожелілік аудармадағы ағылшын және орыс тіліндегі материалдарды да көреді. Нейроаударманы енгізу арқылы іздеуде қазақ тіліндегі пайдалы материалдардың саны 15 миллионнан асып түсті.

«Біз қазақ тіліндегі іздеу өнімдерін жоспарлы түрде жасаймыз: бұл қолданушылар үшін ыңғайлы және ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Қазақ тілінде дауыстық сұрауларды тану — бұл бағыттағы тағы бір қадам», — дейді Қазақстандағы Іздеудің аға менеджері Алмаз Сәденов.
Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz