Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстандық блогер Канндағы халықаралық марапатта «Үздік тревел-блогер» атанды

Қазақстандық блогер Дастан Мұхамедрахым Францияның Канн қаласында өткен WIBA Awards 2026 халықаралық марапатында «Үздік тревел-блогер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Блогер қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, марапат алу сәтінен видео жариялады.

«Канны қаласында “Үздік саяхатшы блогер 2026” марапатын иелендік! Аллаға шүкір», – деп жазды ол.

Дастан Мұхамедрахымды Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов та арнайы құттықтап, оның Қазақстанның туристік әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға қосып жүрген үлесін ерекше атап өтті.

«Бұл беделді халықаралық марапат – қажырлы еңбек пен жоғары кәсібиліктің нәтижесі. Жуырда ғана Дастан Мұхамедрахымовқа еліміздің туристік әлеуетін халықаралық деңгейде насихаттауға қосқан үлесі үшін “Туризм саласының үздігі” төсбелгісін табыстаған едім. Бұл – оның еңбегіне берілген лайықты баға», – деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, блогердің фото, видео және авторлық контенті арқылы әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адам Қазақстанның табиғаты мен мәдениетін танып, елімізге саяхаттауға қызығушылық танытып отыр.

«Оның Қазақстан туризмін әлемге заманауи форматта танытудағы еңбегі ерекше құрметке лайық. Бұл жеңіс – тек Дастанның ғана емес, тұтас Қазақстан туризмінің жетістігі», – деп жазды Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Букреев шыңынан түсе алмай қалған жасөспірімге құтқарушылар көмекке келді

Қорлан Нұрланқызы
23.05.2026

Алматы облысында автокортеж ұйымдастырған түлектер жауапқа тартылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
23.05.2026

Алматы облысында жаңа спорт кешені ашылды

Қорлан Нұрланқызы
23.05.2026

Алматы облысындағы Шелек ауылында жаңғыртылған кітапхана ашылды

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысындағы Әбдуәли Қайдар атындағы мектепте «Жұлдыздар шеруі» өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz