Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2025
Жаңалықтар
Фото: ашық дереккөзден

Фото: ашық дереккөзден

2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 1 трлн 745,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, аталған соманың ішінде:

  • 564,7 млрд теңге – базалық зейнетақы,

  • 1 трлн 181,2 млрд теңге – ынтымақты зейнетақы төлемдеріне бағытталған.

Орташа зейнетақы мөлшері қандай?

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда зейнеткерлер саны – 2 млн 481 мың адамды құрады. Ал осы күнге белгіленген орташа жиынтық зейнетақы мөлшері 143 502 теңге болды.

Бұл соманың ішінде:

  • Ынтымақты зейнетақы – 95 814 теңге,

  • Базалық зейнетақы – 47 688 теңгені құрайды.

Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді?

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ал ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға өсті. Бұл – инфляциядан 2%-ға артық өсім.

Министрліктің хабарлауынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап келесі бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарғысы 120%-ына дейін кезең-кезеңімен өсіріледі деп жоспарланған.

Бұл бастама зейнеткерлердің өмір сүру сапасын жақсартып, әлеуметтік әділеттілікті арттыруға бағытталған.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz