Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда жол салу нормалары өзгерді

Премьер-министр Олжас Бектенов депутат Ирина Смирнованың ауылдарда асфальтсыз - цемент, қиыршық тас, құм және малта тасты қолдана отырып жол салу туралы ұсынысына жауап берді. Бұдан бір ай бұрын Смирнова Мәжілісте бұл тақырыпқа қатысты депутаттық сауал жолдаған еді, деп хабарлайды ataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.06.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Үкімет басшысының жауабына сүйенсек, қолданыстағы норматив талаптарда асфальт-бетон жабынын қолданбай жол салу қарастырылған. Сөз қозғалып отырғаны — қозғалыс қарқындылығы төмен IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдары. Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының бұйрығымен «Автомобиль жолдары» ҚР ВН 3.1-001-2024 ведомстволық нормативіне өзгерістер енгізілді.

«Өзгерістерге сәйкес, қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 500 автомобильден аспайтын жағдайда асфальт-бетон және цемент-бетон жабындарын қолдануға жол берілмейді», — делінген сауалға берілген жауапта.

Олжас Бектеновтің айтуынша, қабылданып жатқан шаралардың нәтижесі алдағы уақытта жол салу, қайта жаңарту және жөндеу жобаларында көрініс табады. Бұл жобалар жаңартылған талаптарға сай әзірленеді. Премьер-министр қиыршық тас төсеу тәжірибесі Қазақстан үшін жаңалық емес екенін айтты. Мұндай жабын қозғалысы аз IV және V техникалық санаттағы жолдарда, соның ішінде ауылдық жерлердегі жолдарда бұрыннан қолданылып келеді.

Сондай-ақ, Бектенов ауыл жолдарына арналған үлгі жобалар әзірлеу туралы ұсынысқа да жауап берді. Оның сөзінше, Қазақстанда жол төсемін есептеу және жобалауға арналған норматив және әдістемелік база бар. Онда өңірлердің климаттық жағдайы, жергілікті құрылыс материалдарының болуы, көлік қозғалысының қарқыны, сондай-ақ, нақты жол учаскесінің топырақ, геологиялық және пайдалану ерекшеліктері ескеріледі.

«Жол жабындарын жобалау кезінде әрбір құрылыс немесе жөндеу нысанының ерекшелігін ескеруге мүмкіндік беретін есептеу әдісі қолданылады. Осыған байланысты, тек үлгі конструкцияларды қолдану қосымша бағалауды талап етеді, өйткені жобалық шешім жолдардың нақты жай-күйі мен өңірлік пайдалану жағдайларын ескере отырып қабылдануға тиіс», — делінген сауалға берілген жауапта.

Сонымен қатар, Министрлер кабинетінің басшысы Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы дайындалып жатқанын айтты. Құжатта жол инфрақұрылымын дамытудың сараланған және экономикалық тұрғыдан негізделген тәсіліне көшуге бағытталған өзгерістер, соның ішінде «шағын елді мекендердің жыл бойы көлік қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін жабынның өтпелі түрлерін қолдану» қарастырылған. Тұжырымдаманыбиыл қыркүйекке дейін бекіту жоспарланды.

Ирина Смирнова депутаттық сауалында шағын ауылдар мен фермерлік шаруашылықтарға баратын жол мәселесі әлі де өзекті екенін айтты.

«Бюджеттің мүмкіндігі қандай болса да, мұндай жолдардың бәрін классикалық тәсілмен асфальттау мүмкін емес әрі экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Бірақ ауылдарды аудан орталығынан, мектептен және өнім өткізетін нарықтан қатынассыз қалдыруға да болмайды», — деді депутат.

Парламент депутатының пікірінше, асфальтсыз жолдар 6-8 есе арзанға түсуі мүмкін. Сондай-ақ, оларды салу жылдамырақ әрі мұндай жолдар ауа райының күрт өзгерісіне және ауыр ауыл шаруашылығы техникасының салмағына төзімді келеді.

Тегтер: Басты жаңалықтаржол саласыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы Бесағаш ауылына жаңа су желісі салынды

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Шеңгелді қарбызына сұраныс артты: өнім еліміздің ірі қалаларына жөнелтіліп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Алматы облысында төрт жылдан бері жөнделіп жатқан мектептің мәселесі көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Браконьерлікке тосқауыл: Балқаш аудандық соты заңсыз балық аулағандарға үкім шығарды

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

Алматы мен Алматы облыстарында электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
22.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz