Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда шілде айында жұмыс іздеушілер саны артты: қай салада сұраныс жоғары?

2026 жылдың шілде айында Қазақстанның еңбек нарығында жұмыс іздеушілер саны айтарлықтай өсті. Enbek.kz электрондық еңбек биржасының мәліметінше, бір ай ішінде жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер 141,2 мың түйіндеме орналастырған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, маусым айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,8 пайызға азайған, ал түйіндемелер саны 11,5 пайызға артқан. Мамандар бұл үрдісті жаз мезгіліндегі маусымдық ерекшелікпен байланыстырады. Осы кезеңде жоғары және техникалық оқу орындарының түлектері еңбек нарығына белсенді шығып, жұмыс іздеушілер қатары көбейеді.

Ең көп қызметкер қай салаларға қажет?

Шілде айында кадрларға ең жоғары сұраныс білім беру саласында тіркелді. Бұл бағытта 23,4 мың бос жұмыс орны ұсынылған.

Сонымен қатар қызметкерлерге сұраныс жоғары болған салалар қатарында:

  • қызмет көрсету саласы – 16 мың бос жұмыс орны;
  • денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 10,3 мың;
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 8,2 мың;
  • өңдеу өнеркәсібі – 6,8 мың;
  • құрылыс саласы – 5,7 мың бос жұмыс орны.

Ең көп бос жұмыс орны Астанада

Өңірлер арасында ең көп вакансия Астана қаласында жарияланған. Елордада бір ай ішінде 8,8 мың бос жұмыс орны ұсынылды.

Одан кейінгі орындарда:

  • Түркістан облысы – 7,6 мың;
  • Павлодар облысы – 7,1 мың;
  • Алматы қаласы – 7 мың;
  • Ақмола облысы – 6,9 мың бос жұмыс орны.

Жұмыс берушілер кімдерді іздейді?

Жұмыс берушілердің негізгі сұранысы орта деңгейдегі біліктілігі бар мамандарға бағытталған. Мұндай вакансиялар барлық ұсыныстың 38,8 пайызын құрады.

Ал төмен біліктілікті қажет ететін жұмыстардың үлесі 30,7 пайыз, жоғары білікті мамандарға арналған бос жұмыс орындарының үлесі 30,5 пайыз болды.

Жұмыс іздеушілердің жартысынан көбі – жастар

Шілде айында Enbek.kz платформасына жүктелген 141,2 мың түйіндеменің 54 пайызы 35 жасқа дейінгі азаматтарға тиесілі болды. Бұл көрсеткіш жаз мезгілінде оқу орындары түлектерінің еңбек нарығына белсенді шығуымен түсіндіріледі.

Жас ерекшелігі бойынша:

  • 35–44 жас – 25%;
  • 45–54 жас – 14%;
  • 55 жастан жоғары – 7%.

Гендерлік бөліністе түйіндемелердің 57 пайызын әйелдер, 43 пайызын ерлер жариялаған.

Біліктілік деңгейі бойынша орта және жоғары білікті мамандардың әрқайсысының үлесі 38 пайыздан, ал төмен білікті жұмыс іздеушілердің үлесі 24 пайызды құрады.

Ең жоғары жалақы қандай мамандарға ұсынылды?

Шілде айында ең жоғары жалақы бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы лауазымына ұсынылған. Бұл қызметтің айлық еңбекақысы шамамен 1,12 миллион теңгені құрады.

Сондай-ақ жоғары жалақы ұсынылған мамандықтар:

  • ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженер-инспектор – 910 мың теңге;
  • маркетинг және өнімді өткізу бөлімінің бастығының орынбасары – 900 мың теңге.

Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны:

  • ұшқыштар – 2,39 миллион теңге;
  • стюардессалар – 1,43 миллион теңге;
  • электр станциясының бастығы қызметіне үміткерлер – 1,32 миллион теңге көлемінде күткен.

Жыл басынан бері Enbek.kz платформасында 709 мың бос жұмыс орны жарияланып, 877,2 мың түйіндеме орналастырылған. Бұл еңбек нарығында жұмыс іздеушілер белсенділігінің жоғары деңгейде сақталып отырғанын көрсетеді.

Тегтер: бос жұмыс орнықызмет

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шілде айында жұмыс іздеушілер саны артты: қай салада сұраныс жоғары?

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Қонаев гарнизонында Арнайы операциялар күштерінің «Nomad» курсы басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Тәуелділікке тәуелсіз болайық

Диана Ахметова
06.08.2026

Абай болсақ, апаттың алдын аламыз

Диана Ахметова
06.08.2026

Конституциялық реформалар: қоғам сұранысына жауап

Диана Ахметова
06.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz